«Білім беру мазмұнын жаңарту аясында оқушылардың оқу жетістіктерін критериалды бағалау» бойынша бастауыш сынып мұғалімдерінің семинарын өткізу туралы
2016 жылдың 27 желтоқсанында №1 Успен ЖОББМ-ң аясында ұстаздар шеберлік орталығының директоры Н.С. Сарбасов пен ұстаздар шеберлік орталығының басты тренері Ю.Г. Мельникованың қатысуымен «Білім беру мазмұнын жаңарту аясында оқушылардың оқу жетістіктерін критериалды бағалау» тақырыбында бастауыш сынып мұғалімдері үшін семинар өткізілді.
Семинарда Успен ауданының 24 бастауыш сынып мұғалімдері қатысты.
Семинардың мақсаты бастауыш сынып мұғалімдеріне критериалды бағалау жүйесі бойынша әдістемелік көмек көрсету.
Талқылау барысында көзделген сұрақтар қарастырылып, олардың шешу жолдары анықталды.
Оқу үдерісінде екінші жартыжылдықта электронды журналды толтыру, жұмысты жоспарлау, жиынтық бағалауды ұйымдастыру және өткізу, коллаборативті ортаны құру, оқушылар жетістіктерін бағалаудың ерекшеліктерімен модератор Юлия Геннадьевна Мельникова таныстырып өтті.
Семинар қорытындысында әдістемелік кеңестер берілді.