Аудандық тоғыз құмалақ жарысы
2016 жылдың 11 қарашасында №3 Успен жалпы орта білім беру мектебінде Қазақстан Республикасының 25 жылдығына орай аудандық тоғызқұмалақтан жарыс болып өтті.
Сайысты өткізудің мақсаты – ұлттық ойындарды оқушылар арасында дамыту.
Жарысқа 4 команда қатысты. Жарыстың қорытындысы бойынша IV орынды №1 Успен жалпы орта білім беру мектебі, III орынды Қаратай жалпы орта білім беру мектебі иеленсе, II орынды №3 Успен жалпы орта білім беру мектебінің екінші тобы жеңіп алды, ал жеңімпаз №3 Успен жалпы орта білім беру мектебінің 1 тобы атанды. Жеңімпаздар мен жүлдегерлер «Қайсар» балалар дене тәрбиесі клубы атынан мақтау қағаздарымен марапатталды.