Жас зияткерлердің облыстық олимпиадасы
Дарынды балаларға арналған облыстық көп салалы лицей-интернатында 2016 жылғы 24 қараша күні 5-6 сынып оқушылары арасындағы V облыстық кешенді олимпиадасы өтті. Олимпиадаға 135 оқушы қатысты, оның ішінде 4 оқушы біздің ауданнан. Олар №3 Успен ЖОББМ 5 сынып оқушысы - Скакова Айжан , Таволжан ЖОББМ 5 сынып оқушысы - Гайнц Данил, Қозыкеткен ЖОББМ 6 сынып оқушысы - Гвоздь Данил, №3 Успен ЖОББМ 6 сынып оқушысы - Бахытбеккызы Еркежан.
Оқушылардың математикалық және жаратылыстану ғылыми дағдыларын тексеру мақсатында кешенді және құрылымдық тапсырмалар орындалды. Кешенді олимпиада тапсырмалары PISA Халықаралық білім сапасын бағалау стандарттарына сәйкес құрастырылды. ІІІ дәрежелі дипломмен Қозыкеткен ЖОББМ 6 сынып оқушысы Гвоздь Данил марапатталды.