Ұлттық валюта Күні
Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25-жылдығын мерекелеуге арналған іс-шаралар жоспарына сәйкес, 28 қараша күні Успен ауданының 19 мектебінде «Ұлы дала елі – Тәуелсіздіктің 25 негізі» 25 жұлдызды күн аясында, Қазақстан Республикасының ұлттық валютасына арналған Бірыңғай сабақ өткізілді. Шараға 1546 оқушы қатысты.
Ұлттық валюта – мемлекеттің ажырамас бөлігі. Теңгенің ұлттық валюта негізінде даму тарихы көрмелерде, ұйымдастырылған мектеп кітапханаларында көрсетілді, ұсынылған деректі әдебиеттің шолу лекциялары өткізілді.