«Төр сенікі, туған ел» аудандық көптілді конкурсын өз мәресіне жетті
Ағымдағы жылдың 7 желтоқсан күні Тәуелсіздіктің 25 жылдығына арналған «Төр сенікі, туған ел» атты көптілді аудандық конкурсы Успен ауылындағы «Балдырған» балалар эстетикалық ортылығының базасында өтті. Ауданның 12 мектебінен 51 оқушы қатысты.
Іс-шараның басты мақсаты: бірнеше тілді меңгерген, әлеуметтік және кәсіби жетілген, тарихы мен дәстүрін білетін көп мәдени жағынан дамыған тұлғаны тәрбиелеу.
Әділқазылар алқасы конкурс ережесіне сәйкес жеңімпаздары келесідей санаттар бойынша анықтады. Мемлекеттік тілде І орынды Бақытбекқызы Еркежан - №3 Успен орта мектебінің 6 сынып оқушысы, ІІ орынды Жангазинова Анар - Белоусов орта мектебінің 2-сынып оқушысы, ІІІ орынды Қысырау Нұрберген - №3 Успен орта мектебінің 7-сынып оқушысы; орыс тілінде І орынды Мазных Алиса - №1 Успен орта білім беру мектебінің 8-сынып оқушысы, ІІ орынды Чуприн Максим - №2 Успен орта мектебінің 10 сынып оқушысы, ІІІ орынды Молдабаева Карина - Павлов орта мектебінің 8 сынып оқушысы; ағылшын тілінде І орынды Формусяк Роман – Вознесен орта мектебінің 7-сынып оқушысы, үштілде І орынды Тойкенова Индира - Қозыкеткен орта мектебінің 5-сынып оқушысы, ІІ орынды Ораз Гүлдана - Қаратай орта мектебінің 6-сынып оқушысы.
Ән конкурсында І орынды Веселовский Данил - Тимирязев орта мектебінің 7-сынып оқушысы, ІІ орынды Адилова Гульдана - Тимирязев орта мектебінің 5-сынып оқушысы, ІІІ орынды Смагұл Мөлдір - Константинов орта мектебінің 3-сынып оқушысы иеленді. «Жастар» ресурстар орталығының директоры А.Б. Жүсіпбаев әділқазылар алқасының мүшесі ретінде өз атынан Тимирязев орта мектебінің 2-сынып оқушысы Тиссен София «Көрермен көзайымы» номинациясымен, Вознесен орта мектебінің 3-сынып оқушылары «Тіл майталманы» номинациясымен марапаттады.