2
3
4
5

Сайт бойынша іздеу


Сайт статистикасы

Бүгін6
Кеше28
Апта246
Ай944
Барлық күндері124420

Қауырт желісі

liniya

 

 

 

Областной кризисный центр РК
г. Павлодар, ул. Ломова, д. 47/1
Тел.: 34-13-13
Телефон доверия: 88000803434
pvl.help-center@yandex.kz

 

100 logo kz

 

114

8-11 сыныптар арасында Республикалық пәндер олимпиадасының аудандық кезеңі

   2016 жылы 8-9 желтоқсан күндері №2 Успен ЖОББМ-ң базасында 8-11 сыныптар арасында Республикалық пәндер олимпиадасының аудандық кезеңі өтті. Олимпиада 2 тур бойынша өткізілді.

   2016-2017 оқу жылында олимпиадаға 17 мектептен 111 оқушы қатысты. Жеңімпаздар мен жүлдегерлер саны қатысушылардың жалпы санының 17 % -ды құрайды.

   Олимпиадаға оқушылардың басым бөлігі қатысқан пәндер ол география, биология және Қазақстан тарихы. Олимпиадаға пәндер бойынша қатысушылар саны: қазақ тілі мен әдебиеті (қазақ тілді мектепте) - 4, қазақ тілі (орыс тілід мектепте) – 6, орыс тілі (қазақ тілді мектептерде) – 2, орыс тілі (орыс тілді мектептерде) - 8, ағылшын тілі – 7, Қазақстан тарихы – 22, құқықтық негіздері – 10, информатика – 1, физика – 3, математика – 9, биология – 19, химия – 4, география – 16.

   Қазақ тілді мектептерден «Қазақ тілі мен әдебиеті» пәні бойынша 2 білім мекемесінен 4 оқушы қатысты. 1 орынға №3 Успен ЖОББМ-ң 11 сынып оқушысы Бердмурат Елік (мұғалімі М.Т. Жунусова) иеленді, 3 орынға №3 Успен ЖОББМ-ң 9 сынып оқушысы Табигат Тлеубек (мұғалімі Е. Рахатжанұлы) иеленді.

   Орыс тілді мектептерден «Қазақ тілі» пәні бойынша 5 білім мекемесінен 6 оқушы қатысты. 2 орынға №1 Успен ЖОББМ-ң 8 сынып оқушысы Бузов Николай (мұғалімі Г.А. Аманкулова) иеленді, 3 орынға Павлов ЖОББМ-ң 11 сынып оқушысы Темирканова Зарина (мұғалімі Г.Ж.Есенгельдинова) иеленді.

   Қазақ және орыс тілді мектептерден «Орыс тілі мен әдебиеті» пәндері бойынша 7 білім мекемесінен 10 оқушы қатысты. 3 орын №1 Успен ЖОББМ-ң 9 сынып оқушысы Султангазинова Диана (мұғалімі Л.В. Бурма) иеленді, 2 орынға №3 Успен ЖОББМ-ң 9 сынып оқушысы Елтін Зуһра (мұғалімі Е.С Асанов) иеленді.

   Қазақ және орыс тілді мектептерден «Математика» пәні бойынша 5 білім мекемесінен 9 оқушы қатысты. 2 орынға №3 Успен ЖОББМ-ң 8 сынып оқушысы Бахытбекқызы Фарида (мұғалімі Ж.З. Аманбаева) иеленді.

   Қазақ және орыс тілді мектептерден «Биология» пәні бойынша 11 білім мекемесінен 19 оқушы қатысты. 3 орынға Павлов ЖОББМ және Новопокров НЖББМ-ң 8 сынып оқушылары Гусарова Диана (мұғалімі Е.А. Гусарова), Топтун Артур (мұғалімі О.К. Сулейманов).

   Қазақ және орыс тілді мектептерден «Құқық негіздері» пәні бойынша 5 білім мекемесінен 10 оқушы қатысты. 11 сынып оқушылары арасында 2 орынға Белоусов ЖОББМ-ң оқушысы Рамазанова Камила (мұғалімі Е.А. Сатыбалдинов), 2 орынға Таволжан ЖОББМ-ң оқушысы Балтабаева Камила (мұғалімі М.Р. Фарукшин), 2 орынға №1 Успен ЖОББМ-ң оқушысы Середа Сергей (мұғалімі И.И. Кошман), 3 орынға Константинов ЖОББМ-ң оқушысы Галимов Ильяс (мұғалімі Е.Б. Мадениетов), 10 сыныптар арасында 3 орынға Константинов ЖОББМ-ң оқушысы Идрисова Эльвина (мұғалімі Е.Б. Мадениетов) иеленді.

   Қазақ және орыс тілді мектептерден «Қазақстан тарихы» пәні бойынша 11 білім мекемесінен 22 оқушы қатысты. 9 сыныптар арасында 2 орынға Таволжан ЖОББМ-ң оқушысы Кожуховская Надежда (мұғалімі Е.У. Инербаев), 3 орынға Лозовой ЖОББМ-ң оқушысы Нурмухамбетов Темирлан (мұғалімі К.А. Мундуинова), 3 орынға №3 Успен ЖОББМ-ң оқушысы Бердмурат Марат (мұғалімі Е.А. Сатыбалдинов), 3 орынға №1 Успен ЖОББМ-ң оқушысы Сайбель Диана (мұғалімі И.И. Кошман), 10 сыныптар арасында 3 орынға Константинов ЖОББМ-ң оқушысы Мукушева Сабина (мұғалімі Е.В. Петрова) иеленді.

   Жеңімпаздар мен жүлдегерлер білім бөлімінің мадақтамалары және естелік сыйлықтарымен марапатталды.

1