«Біз Мәңгілік Ел боламыз!»
2016 жылдың 28 желтоқсан күні №1 Успен ЖОББМ-ң аясында Успен ауданы әкімінің қатысуымен жаңа жылдық шырша мерекесі өткізілді. Аталған іс-шара ауданның үздік оқушылары, жетім балалар, әлеуметтік жағынан аз қорғалған отбасылардың балаларына, сондай-ақ ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға дәстүрлі түрде ұйымдастырылады.
Жаңа жылдық мерекеге 5 және 13 жас аралығында жалпы 100 бала қатысты. Жаңа жылдық көріністің сценарлық жоспарының тақырыбы - "Біз Мәңгілік Ел боламыз!".
Мерекені өткізудің негізгі идеясы – республикамыздың халықаралық қоғамдастықта беделінің өсуіндегі тұңғыш Президентіміздің Қазақстан тарихындағы рөлі және Елбасымыздың басшылығымен Тәуелсіз мемлекетіміздің 25 жыл ішінде жеткен жетістіктерін насихаттау болып табылады.
Іс-шарада балалар үшін әсерлі әндер, тарихи және ертегілер кейіпкерлерінің қатысуымен театрландырылған көріністермен би өнерлері көрсетілді.
Жаңа жылдық шырша мерекесінің соңында қатысушылар үшін мерекелік үстел ұйымдастырылып, әр балаға сыйлық және тәттілер табыс етілді.
Биылғы жылы Қазақстан Республикасы Президентінің атынан және облыс Әкімінің 26 мен 27 желтоқсан күндері Павлодар қаласында өткізілген жаңа жылдық шыршаға Успен ауданынан 4 оқушы қатысты. Әрбір балаға ұялы телефон, планшет, жұмсақ ойыншық, кітап және тәттілер ретінде сыйлықтар ұсынылды.
Мерекелік іс-шара шеңберінде Қазақстан Республикасының Президенті Н.А.Назарбаевтың видео-құттықтауын қосу көзделген.