Тәжірибелік семинар
2016 жылғы 12 қазанда «Балдырған» БЭО базасында директордың тәрбие жөніндегі орынбасарлары және психологтар үшін аудандық семинар өтті. Семинарды білім бөлімі дағдарыс орталығы мамандарымен С.А.Столяревская, В.Ю. Шамсутдинова және облыстық психоневрологиялық диспансердің психиатры Т.К. Бигельдиновамен бірлесе отырып өткізді.
Семинардың негізгі мақсаты - мектеп психологтарына және мұғалімдерге балалар мен жасөспірімдер арасындағы қауіпті топтағылармен, депрессияға бейім құлықтылармен жұмыс жасауда тәжірибелік көмек көрсету. Семинар бағдарламасында кәмелетке толмағандар арасында ағымдағы жағдайдың деструктивті талдау көріністері, негізгі жұмыс тобының кезеңдері жасөспірімдердің қауіпті топтары: диагностикалық белгілермен, түзету бағдарламаларын жасау, психологиялық сүйемелдеу, балалық депрессиялық бұзылыстар және жасөспірім жастағылардың өзекті мәселелері қаралды. Семинар тақырыбы бойынша берілген материалдарды жұмыста пайдалану үшін берілді, ситуациялық жағдайлар қаралды, практикалық тренингтік оқу-сабағы өткізілді.