Астана күні
«Менің Астанам» - осындай атаумен Успен ауданының «Балдырған» БЭО мерекелік іс-шара өтті. Балалар орталығының қосымша білім беру педагогтері балалар үшін бүкіл ел атап өтетін мерекені ұйымдастырды. Балалар «Астана – әсем қала» сәндік-қолданбалы шығармашылық көрмесіне қатысты, көңіл-күйді көтеретіннің бәрін жасады, ойнады, биледі, ән салды, ел ордамыз туралы сұрақтарға жауап берді. Мерекеге қатысушылар арман қала – Астананың суретін асфальтқа салып, өз әсерлерін қалдырды. Барлық суреттер өте жақсы, қызықты және танымды болды.