Бiлiм беру ұйымдарындағы қауiпсiздiктi қамтамасыз ету бойынша аудандық семинар
Успен ауданының білім беру бөлімі 2016 жылғы 16 қыркүйек күні «Балдырған» БЭО базасында «Бiлiм беру ұйымдарындағы қауiпсiздiкті қамтамасыз ету бойынша жұмысты ұйымдастыру» аудандық семинар ұйымдастырылды.
Семинар жұмысына тәрбие жөнінде директордың орынбасарлары, балабақшалардың әдіскерлері, алғашқы әскери дайындықты оқытушы-ұйымдастырушылары, төтенше жағдай және денсаулық сақтау бөлімінің өкілдері қатысты.
Семинарға қатысушыларға оқушылармен, педагогтар мен ата-аналармен жұмысты ұйымдастыру бойынша, оқу жаттығуларын өткізу, нормативті-құқықты құжаттарды ұйымдастыру бойынша мәліметтер ұсынылды, балалар жарақатының алдын алу мәселелері ортаға салынды.