2
3
4
5

Сайт бойынша іздеу


Сайт статистикасы

Бүгін20
Кеше78
Апта224
Ай1063
Барлық күндері106344

Қауырт желісі

liniya

 

 

 

Областной кризисный центр РК
г. Павлодар, ул. Ломова, д. 47/1
Тел.: 34-13-13
Телефон доверия: 88000803434
pvl.help-center@yandex.kz

 

100 logo kz

 

114

«Шақырылған шеберде қонақтамыз» шеберлік сағаты

   2 қараша күні «Балдырған» балалар эстетикалық орталығында «Қол өнер» клубының жетекшісі К.Е. Нұрмакина, «Шақырылған шеберде қонақтамыз» атты шеберлік сағатын өткізді. Сол сәтте балалар кітапқа арналған түрлі-түсті қағаздан белгі бауын жасады. Балалар көп қиялдады. Өз ойларымен бөлісті. Бір-бірлеріне көмек жасады. Көңілді смайл, мысық, түлкілер балалардың дәптер мен кітаптарын одан әрі әшекейкелендіре түсті.

«Балаларға мейірімділік» қамқоршылар күні

   28 қазанда Успен ауданының «Балдырған» эстетикалық балалар орталығында балалардың шаттыққа толы дауыстарымен мереке басталды. Әрине мерекеде адамдар бір-біріне күлкі, мейірім сыйлайды және өздерінің жеңістерімен және қуаныштарымен бөліседі. Бұл күні балалар өздеріне жүрек жылуларын беріп және қамқор болып жүрген барлық жаңдарға, өздерінің зор алғыстарын білдіргілері келді.

Толығырақ...

Тәуелсіздікке - 25 қадам

   «Балдырған» БЭО педагогтары күзгі демалыс күндері балаларды өздеріне ұнаған шараларға қатысуға шақырады.

   31 қазанда балалар аудандық мұражайдың қызметкерлерімен танымдық кездесуге қатысты. Танымдық ойын саяхаты және қызықты адамдармен әңгімелесу, балаларға ежелгі Тәуелсіз Қазақстанның даму тарихын білуге және жадына сақтауға көмектесті. Балалар сұрақ қоюмен қатар өздеріне жақын қызықты ақпараттармен бөлісті. Кездесуден соң «Тәуелсіздікке - 25 қадам» атты кинофильм көрсетілді. Қатысушылар кездесуден жағымды әсер алды.

Болашаққа қадам

   Қазақстан Республикасының 25 жылдық мерейтойы қарсаңында 2016 жылдың 28 қазан күні Успен ауданы №3 ЖОББМ аудан әкімі С.И. Саламацкийдің қатысуымен жас педагогтарға арналған кездесу өтті. Кездесу диолог форматында ұйымдастырылды, әрбір жас маман өздерін ауылдық жерде толғандырып жүрген мәсеселер қарастырып, өздерінің кәсіби жетістіктерімен шеберліктерімен бөлісіп, болашаққа құрған жоспарларын ортаға салды.

Толығырақ...

Күзгі марафон

   «Күзгі марафон» спорттық мереке «Ынтымақтастықта қызықты ойнап, біз денсаулықты жақсартамыз» ұранымен өткізілді. Шараның мақсаты - балаларды салауатты өмір салтына бейімдеу.

   Балалар спорттық эстафеталарда, лабиринттер және кедергілермен жүгіруге қатысты. Балалардың командалары өте белсенді және әсерлі көңіл күйге толы болды. «Аңдар күресі» деген капитандар конкурсы өте қызықты тартымды өтті, мұнда олар өздерінің білімдерін және икемдері мен дағдыларын көрсетіп командаларының намысын қорғап, командаларына тағы жеңіс әкелді. Балалар үшін жалпы айтқанда бұл шара бірлікті және ыңтымақты ұжым қалыптастырды.

Қорытынды аттестациялауға дайындық

    Кәсіптік бейімдеу шеңберінде және қорытынды аттестацияның жаңа форматына дайындық жүргізу мақсатында Успен ауданының білім бөлімі 2016 жылғы 27 қазанда «Балдырған» балалар-эстетикалық орталық базасында «Достық» білім орталығы және С. Торайғыров атындағы ПМУ өкілдері мен 11 сынып түлектері және мектеп басшыларымен кездесу өткізді.

Толығырақ...