2
3
4
5

Сайт бойынша іздеу


Сайт статистикасы

Бүгін55
Кеше57
Апта166
Ай1398
Барлық күндері106679

Қауырт желісі

liniya

 

 

 

Областной кризисный центр РК
г. Павлодар, ул. Ломова, д. 47/1
Тел.: 34-13-13
Телефон доверия: 88000803434
pvl.help-center@yandex.kz

 

100 logo kz

 

114

Успен ауданындағы ғылыми жобалар конкурсы

   Ағымдағы жылдың қазан айының 5-і күні №3 Успен жалпы орта білім беру мектебінің базасында 1-7 сыныптар арасында «Зерде» зерттеушілік жұмыстар мен шығармашылық жобалар және 8-11 сыныптар арасында ғылыми жобалар конкурсы өткізілді. Конкурсқа ауданның 5 мектебінен 16 оқушы қатысты. Қатысушылар келес тақырыптар бойынша ғылыми жобаларды ұсынды: «Витамины и мое здоровье», «Волшебный мир фокусов», «Феномен Улыбки», «Колыбельная песнь - вчера и сегодня», «Мәшһүр Жүсіп және қазақ әдебиеті», «Қазақ әдебиетіндегі күлкі жанры», «Загрезнение окружающей среды автомобильным транспортом».

   Конкурс қорытындысы бойынша оқушылар жеңімпаздар анықталды.

Толығырақ...

«Жетісу» шекара бекетіне сапар

   2016-2018 жылдарына Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінде қылмыстың алдын алу бағдарламасын жүзеге асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарына сәйкес, 2016 жылғы 22 қыркүйек 9-10 сынып оқушылары «Жетісу» шекара бекетінде болып қайтты.

   Балалар үшiн бекет бойынша экскурсия ұйымдастырылып, жеке құраммен танысты. Күн сайын ел игілігіне қызмет ететіндермен өте қызықты тілдесу өтті. Балалар шекарашылардың, ит жаттықтырушылардың жұмыстары жайлы сұрақтар қойып, қайда және қалай шекарашы болу туралы қызығушылықтарын танытты.

Толығырақ...

«Ұстаз – мектептің жүрегі» мұғалімдер күніне арналған мерекелік шара

   

   Білім саласы қызметкерлерінің мерекесіне орай ағымдағы жылдың 29 қыркүйегінде Успен ауылы «Балдырған» балалар эстетикалық орталығының базасында салтанатты жиын өтті. Аталмыш шараға білім саласының ардагерлері, білім беру ұйымдарының директорлары және қоғамдық мекемелердің өкілдері қатысты.

Толығырақ...

Бiлiм беру ұйымдарындағы қауiпсiздiктi қамтамасыз ету бойынша аудандық семинар

   Успен ауданының білім беру бөлімі 2016 жылғы 16 қыркүйек күні «Балдырған» БЭО базасында «Бiлiм беру ұйымдарындағы қауiпсiздiкті қамтамасыз ету бойынша жұмысты ұйымдастыру» аудандық семинар ұйымдастырылды.

   Семинар жұмысына тәрбие жөнінде директордың орынбасарлары, балабақшалардың әдіскерлері, алғашқы әскери дайындықты оқытушы-ұйымдастырушылары, төтенше жағдай және денсаулық сақтау бөлімінің өкілдері қатысты.

   Семинарға қатысушыларға оқушылармен, педагогтар мен ата-аналармен жұмысты ұйымдастыру бойынша, оқу жаттығуларын өткізу, нормативті-құқықты құжаттарды ұйымдастыру бойынша мәліметтер ұсынылды, балалар жарақатының алдын алу мәселелері ортаға салынды.

Күзгі кросс

   2016 жылдың 23 қыркүйек оқушылардың 26-шы аудандық жазғы спартакиядасы, аудандық күзгі кросс Успен а. паркінде өтті. Жарыста 14 аудан мектептерінен жалпы 80 оқушы қатысты. Жарыстың қортындысы бойынша 3-ші жалпыкомандалық орынды Лозов ЖОББМ (жаттықтырушы О.А. Слесаренко), 2-ші орынды Константинов ЖОББМ (жаттықтырушы А.Ш. Есембаев), 1-ші орынды №2 Успен ЖОББМ (жаттықтырушы А.Г. Козий) иеленді.

Толығырақ...

Тіл білгірі

   Ағымдағы жылдың 13 қыркүйегінде №3 Успен орта мектебінің базасында «Тіл білгірі – Language experts» атты іс-шара өткізілді. Іс-шараның мақсаты – өз тіліңді құрметте, өзге тілдің бәрін біл. Зияткерлік ойында 7-9 сынып оқушыларынан тұратын 3 команда өзара бақ сынасты. “Who is the best?”, “Do you know?”, “Who is clever?”, Imagination, “Who is the fastest? ”сияқты кезеңдер бойынша қатысушылар өз білімдерін көрсетті. Ең үздік, ең ақылды әрі ең жылдам жеңімпаз атанған 8 сынып оқушылары (Бақытбекқызы Ф., Қаржаубаев Ж., Тоқбатыр Д., Жарылғасын М., Сарсенбинов С., Шәкір Ә.) ойын өте тартысты өтті. Жеңімпаздарды құттықтаймыз!

Толығырақ...