Белсенді демалу- демек белсенді қозғалу
27 маусымда Успен ауданының мектеп қарамағындағы лагерлерлерде жазғы демалыстың екінші маусымы басталып кетті. «Балдырған» балалар эстетикалық орталығында ауданның барлық мектептерінің қатысуымен музыкалды марафон өткізілді. Балалар сүісініп әндерді табып әнге қосылып және раққатанып биледі, соңымен қатар ерекше косынка, бантик, шляпа түрінде сыйлықтар алды.
Халықаралық балаларды қорғау күні
2016 жылдың 1 маусымында Успен ауылында Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған мерекелік іс-шаралар және жазғы ауысымның ашылуы өтті.
Бұл күні орталық алаңға ауылдардан мыңға жуық бала жиналды. «Балдырған» балалар этетикалық орталығы, «Қайсар» балалар-жасөспірімдер дене тәрбиесі дайындық клубы, аудандық түзету кабинеті, аудан оталығындағы мектептер бірлесіп, бес шығармашылық алаң жұмысын ұйымдастырды: «Аялы алақан» мүмкіндігі шектеулі балалар үшін, «Стоп-кадр: Остановись, мгновенье!» сурет көрмесі, «Бүлдіршін» мектепке дейінгі жастағы балалар үшін, «Жарқын алаңы» вокалдық-хореографиялық мектеп балалары шығармашылық конкурс алаңы, «Жүзден жүйрік, мың тұлпар» спорттық алаңы, сонымен қатар мектеп жанындағы лагерьлерді үгіттеу топтары конкурсы.
Жас өрт сөндірушілер мен құтқарушылардың аудандық жарысы
21 маусым күні № 2 Успен ЖОББМ базасында жас өрт сөндірушілер мен құтқарушылардың аудандық жарысы өтті. Жарысты ұйымдастырушылар – ТЖ бойынша бөлімі және Успен ауданының білім бөлімі. Жарысқа мектеп жанындағы аудан лагерлерінің 24 тәрбиеленушілері қатысты. Конкурста балалар өздерінің дағдылары мен қабырға газет, үгіт өлең ептілігін, сондай-ақ өрт жабдықтарын қолдана отырып эстафета және кедергі жолақтарынан өту әрекеттерін көрсетті.
Балаларды қорғау күніне арналған велосипед жарысы
Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25-жылдығына және Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған, Успен ауылының Орталық алаңында 31 мамыр күні «Он баспалдақ» онкүндігі аясында велосипед жарысы басталды. Велосипед жарысын ұйымдастырушылар – Успен ауданының білім бөлімі, «Қайсар» балалар-жасөспірімдер клубы және жастар бастамаларын дамыту орталығы. Акцияға орталық аудан мектептерінің 25 оқушысы және 8 педагог қатысты. Велосипед жарысының мақсаты – оқушыларды спортпен айналысуға тарту, салауатты өмір салтын насихаттау. Велосипед жарысының қатысушылары Успен ауылының орталық көшелері бойынша, тулармен безендірілген лекпен өтті
«Жас толқын-2016»
17 маусымда Успен ауылының орталық алаңында «Жас толқын-2016» біріту кеші болып өтті. Салтанатты шара мектеп шерумен басталды, мектептерден 73 мектеп бітіруші түлек, Успен аграрлық-техникалық колледжінен 30 бітіруші түлек қатысты.
Бітірушілер және барлық жиналған қауым алдында аудан әкімі Б.С. Демеуов құттықтауларымен сөз сөйледі, ол үздік түлектерді атап өтті. Олар Ахменова Альбина (Лозовой ЖОББМ), «Алтын белгі» белгісін алған, Сүлеева Аида (Ольгин ЖОББМ) және Каирова Дана (Павлов ЖОББМ) үздік аттестатын алуына өз білімін растағандар, Аленова Танзиля, Бахтыбекова Алтынгүл (№ 3 Успен ЖОББМ), Ұлттық Бірыңғай тестілеудің қорытындысы бойынша 100 ұпайдан жоғары жинағандар.
Успен ауданындағы қайырымдылық жәрмеңкесі
Успен ауылында 27 мамыр күні Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25-жылдығына және Халықаралақ балаларды қорғау күніне орай, «Он баспалдақ» он күндігінің аясында сәндік-қолданбалы балалар шығармашылығының қайырымдылық жәрмеңкесі өтті.
Аудан орталықтың үш мектеп оқушылары және «Балдырған» балалар эстетикалық орталығы «Шеберлер қаласы» үйірмесінің тәрбиеленушілері өз шығармашылығының жемісін ұсынды: азық-түлікті турайтын тақтайлар, декупаж техникасымен әшекейленген қобдишалар, квиллинг техникасындағы композиция, кестелер, тоқылған майлықтар, ұлттық тұрмыстық заттар, орындықтар, фоторамкалар және т.б. Сатудан түскен ақша қаржысы балаларды қорғау Күніне арналған мүмкіндігі шектеулі балалар үшін сыйлықтар сатып алынатын болады.