Успен ауданындағы оқу күні
Успен ауданының білім беру мекемелерінде, Халықаралық балаларды қорғау күніне орай, «Он баспалдақ» онкүндігінің аясында «Оқыған адам-табысты адам» көркем әдебиеттерді оқу Күнінің – аудандық акциясы өткізілді.
Акцияға аудан мектебінің 1497 оқушылары, 383 педагог, мектеп техникалық қызметкерлері қатысты. Бұл күні мектеп кітапханасының оқырмандарына екі мыңға жуық кітап берілді.
Акцияның негізгі мақсаты – оқушыларды, педагогтарды, ата-аналар қауымдастығы өкілдерін электронды және ғаламтор – нұсқаларындағы емес, қағаз жүзіне басылған, кітаптарды оқуға тарту. Осы кітапты оқи отырып, адам еңбегін сезінуге, сондай-ақ осы кітап сияқты көркем әдебиет шығармалары ретінде қорытындылауға, әдебиетке шынайы жақындауға мүмкіндік береді.
«Қазақстан – менің мақтанышым» викторинасы
Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25-жылдығына және Халықаралық балаларды қорғау күніне орай «Он баспалдақ» декадасына арналған іс-шаралар жоспары шеңберінде 2016 жылдың 24 мамырында Успен ауданында 5-7 сынып оқушылары үшін «Қазақстан – менің мақтанышым» атты қашықтық интернет-олимпиада алғаш рет болып өтті.