Аудандық саптық әндер байқау-конкурсы
2017 жылдың 2 мамырында Успен ауылының орталық алаңында «Патриот» айлығы аясында Қазақстан Республикасы Қарулы күштерінің 25 жылдығына және Ұлы Отан Соғысы Жеңісінің 72 жылдығына арналған аудандық саптық әндер байқау-конкурсы өткізілді.
Іс шараның мақсаты - қазақстандық патриотизм және азаматтық сана-сезімге тәрбиелеу, қазақстандық жауынгердің келбетін қалыптастыру болып табылады.
Іс шараға ауданның 9 мектебінен 90 оқушы қатысты. Мектеп командаларынан құрылған парадты қорғаныс істері бөлімінің бастығы капитан Ж.Б. Найманов қабылдады. Командалардың жақсы дайындықпен келгенін атап өту қажет. Қатаң әділқазылар алқасы тек саптық сайысты ғана емес, саптық әндердің орындалу қиындығына, сондай-ақ үлгі етер сыртқы келбетке де назар аударды.
Конкурс қорытындылары бойынша әділ қазылар алқасы жеңімпазды анықтады. Жеңімпаз болып Лозов мектебінің командасы танылды. Олар соңғы жылдары аудандық және облыстық әскери -патриоттық конкурстарда жоғарғы нәтиже көрсетіп келеді. Екінші орынды Вознесен мектебінің командасы иеленді. Әділ қазылар алқасы үшінші орын Павлов ЖОББМ ең жас конкурсанттар командасына берді.
«Ең үздік саптық дайындық» номинациясын № 3 Успен ЖОББМ командасы, «Үлгілі сыртқы келбет» номинациясын № 2 Успен ЖОББМ командасы, «Саптық ән» номинациясын Константинов ЖОББМ командасы жеңіп алды.
Барлық жеңімпаздар мен жүлдегерлерді жеңістерімен құттықтаймыз! Барлық қатысушыларға сәттілік пен бейбіт өмір тілейміз!