2
3
4
5

Сайт бойынша іздеу


Сайт статистикасы

Бүгін17
Кеше44
Апта17
Ай1659
Барлық күндері106940

Қауырт желісі

liniya

 

 

 

Областной кризисный центр РК
г. Павлодар, ул. Ломова, д. 47/1
Тел.: 34-13-13
Телефон доверия: 88000803434
pvl.help-center@yandex.kz

 

100 logo kz

 

114

Өзге ұлт өкілдері арасында «Мың бала» аудандық конукурсы туралы

   

   2017 жылдың 2 мамыры күні №2 Успен ЖОББМ базасында мектепке дейінгі жастағы өзге ұлт өкілдері арасында «Мың бала» аудандық конукурсы өткізілді.

   Конкурсың негізгі мақсаты - мемлекеттік тілді оқыту арқылы қазақстандық патриозмді қалыптастыру, қоғамдық келісімді және ұлттық бірлігімізді нығайту болып табылады.

   №1, Успен ЖОББМ, №2 Успен ЖОББМ, Успен ауылындағы «Балапан» балабақшасы конкурсқа қатысты.

   Мектеп және балабақша тәрбиеленушілері «Визиттік карточка», Шешендік сөз», « Қазақтың ұлттық ойындарының шарттарын әңгімелеп беру» жанрлары бойынша номерлер көрсетті.

   Іс-шара «Визиттік карточка» жанрынан басталды. Бұл жанр бойынша «Балапан» балабақшасының тәрбиеленушілері Азарова Радмила, Фомин Никита, Белявский Илья және Кононенко Матвей өздері туралы қазақ тілінде әңгімелеп берді және тұсаукесер атрибуттарын бірге қолданды.

   Сондай-ақ № 1 Успен ЖОББМ, №2 Успен ЖОББМ тәрбиеленушілері Пудич Екатерина және Катюжанская Кира өздерін ерекше тәсілмен таныстыра білді.

   Шешендік сөз сайысы бойынша өлеңдер балалардың жас ерекшелігіне сай орындалды, костюмдер әсем көздің жауын алардай әдемі. Әсіресе әділ қазылар алқасының көңілінен «Көбелектер» өлеңін анық, мәнерлер және эмоциямен оқыған Белявский Илья ерекше әсер қалдырды. Азарова Радмила «Мен бақшаға барамын», Фомин Никита «Мысығым» өлеңдерін мәнерлеп оқып шықты.

   «Балапан» балабақшасының тәрбиеленушілері Азарова Радмила, Белявский Илья, қазақтың ұлттық ойындары «Оқтау тартыс», «Көтермек» ойындарының №2 Успен ЖОББМ тәрбиеленушісі Катюжанская Кира «Тәқия тастамақ» ойынының шарттары туралы түсінікті және қызықты етіп айтып шықты.

   Конкурс қорытындылары бойынша 1 орынды «Балапан» балабақшасының тәрбиеленушісі Белявский Илья, 2 орынды - Балапан» балабақшасының тәрбиеленушісі Азарова Радмила, 3 орынды - №2 Успен ЖОББМ тәрбиеленушісі Катюжанская Кира жеңіп алды, Конкурсқа қатысқан басқа балаларға алғыс грамоталармен марапатталды.

   Конкурс жеңімпазы облыстық «Мың бала» конкурсында аудан атынан өнер көрсететін болады.  

 

1 1
1