Жас толқын - 2017
2017 жылғы 10-маусымда ауданның орталық алаңында мектеп бітіруші түлектердің «Жас толқын - 2017» атты мектеп бітіру кеші өтті. Кештің құрметті қонақтары: Успен ауданының әкімінің м.а. – К.О. Баймышев, аудан округінің әкімдері, аудан әкімінің орынбасарлары, сонымен қатар Успен ауданының білім беру қызметкерлері, еңбек ардагерлері мен Успенка ауылының құрметті азаматтары болды. Кеш мектептердің 73 түлегінің шеріумен салтанатты түрде ашылды.
Түлектер арасында №1 Успен ЖОББМ-ң оқушылары Жакиенова Эльмира, Зощук Ангелина, Василевич Виктория және №3 Успен ЖОББМ-ң оқушысы Аманбай Нұрбек үздік аттестат иегерлері, түрлі шығармашылық конкурстардың жеңімпазы Бердмурат Елік және споршы түлектеріміз Гелевера Андрей, Акишев Алишер, Ермахова Аселия, Шремзер Елена, Штрек Виктория болды.
Аудан әкімі С.И. Саламацкий үздік аттестат иегерлеріне аттестаттарын табыстап бағалы сыйлықтар сыйға тартты және түлектерді жастық пен сұлулықтың, үміт пен болашақтың мересі - мектеп бітіруші түлектер кешімен құттықтады. Кештің соңына қарай түлектер соңғы вальсін билеп және әсерлі де әдемі от шашуын тамашалады.
Сәт сапар, жас түлек!