«ЭКСПО - 2017»
Жазғы демалыс – бәріміздің де асыға әрі ерекше күтетін мезгіл. Ал балалар үшін ерекше қуаныш. Әр бала жазғы демалысты қызықты өткізуге армандайды.
2017 жылдың 30 маусымында Қаратай ЖОББМ оқушылары Астана қаласында өткен «ЭКСПО - 2017» халықаралық көрмесіне барып келді. Бұл көрмедегі ең әсерлі ,үлкен қызығушылық танытқан ол – Қазақстандық «Нұр Әлем» павильоны. Оқушылар мұндай ғажайып шар түрінде жасалған 8 қабатты павильонды алғаш рет көріп үлкен әсерде болды.
Осы көрме туралы 8-сынып оқушысы Балтабай Махмуд былай дейді: Еліміздің бас қаласы Астанада осындай ірі көрменің ашылуы,оған әр мемлекеттің жетістіктерінің қойылуы, шетелдіктердің келуі, олардың салт –дәстүр, өнерімен танысуымыз ұмытылмас, қызықты және танымдық сәттер сыйлады. Осы көрмеде әр ұлттың технологиясы, қолөнері көрсетілді. Маған ерекше әсер қалдырған бұл, электрмен жүретін автокөлік көрсетті. ЭКСПО-ға қатысып, әлемді таң қалдырған қазақ елінің кереметі танқаларлық әсер қалдырды.
Бұл ЭКСПО-ның қатысушылары көптеген тамаша дүниемен танысып,қуанышты сезіммен оралды.