Тамыз секциялық отырыс
2017 жылдың 23 тамыз күні №2 Успен ЖОББМ-ң аясында аудандық педагогикалық кадрлардың физика, математика секциясы бойынша отырысы өткізілді. Секциялық отырыста ауданынның 17 ұстазы және білім бөлімінің 2 әдіскері қатысты.
Секция отырысының тақырыбы: «Білім мазмұнын жаңарту жағдайында физика және математиканы оқытуда жеке тұлғаға бағытталған білім беруді жүзеге асыру» болды. Секция барысында 3 баяндама тыңдалып, талқыланды. Галицк ЖОББМ-ң физика пәнінің мұғалімі Колесникова В.С. «Физика сабағында ағылшын тілі элементтерін қолдану» тақырыбы бойынша өз жұмыс тәжірибесімен бөлісті. Сонымен бірге, 5,7 сыныптардағы жаңартылған білім беру мазмұнынының бағдарламасы қарастырылды. Секциялық отырыстың қорытындылары бойынша ұсынымдар қабылданды.