Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу бойынша секциялық тамыз мәжілісі туралы
2017 жылдың 23 тамызында №2 Успен мектебінің базасында мектепке дейінгі және мектеп алды оқыту және тәрбиелеу бойынша секциялық тамыз мәжілісі өткізілді.
Секция жұмысына ауданның 30 педагогы, білім бөлімінің әдіскері Г.З. Жандосова қатысты.
Секция тақырыбы: «Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың 2016 – 2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыруда мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту жүйесінің білім беру мазмұнын жаңарту». «Балапан» балабақшасының әдіскері М.Т. Хамитова «Білім беру мазмұнын жаңарту жағдайында әр –түрлі жастағы балалармен оқу-тәрбиелеу процессін ұйымдастыру», «Балбөбек» шағын орталығынан А.М. Иманқұлова
«Балапан» балабақшасының тәрбиешілері Р.К. Шарипова «Мектепке дейінгі білім берудің заманауи жағдайларында педагог пен ата-ананың әлеуметтік серіктестігін дамыту», Галицк ЖОББМ мектепалды сыныбының тәрбиешісі Л.А. Крахмаль «Отбасылық тәрбие негізінде мектепалды дайындық балалардың рухани- адамгершілік тәрбиесін қалыптастыру» тақырыбында сөз сөйледі.
Секциялық мәжілістің жұмыс қорытындылары бойынша тәрбиешілерге әдістемелік ұсынымдар берілді және алғыс хаттар тапсырылды.