«Мен – өз елімнің патриотымын»
2017 жылдың 2 қыркүйегінде Успен ауданының барлық мектептерінде «Мен – өз елімнің патриотымын» атты білім Күні өтті. Мектептердің салтанатты шараларында аудандық білім беру бөлімінің мамандары, педагогикалық еңбек ардагерлері, аудандық маслихат депутаттары, «Нұр Отан» Халықтық Демократиялық Партиясының өкілдері, жергілікті атқарушы органдардың басшылары қатысты. Павлов мектебінің оқушыларын, педагогикалық ұжымын, ата-аналарын жаңа оқу жылының басталуымен Р. Бечелова аудандық маслихат хатшысы құттықтады.
2017 жылы білім беру жүйесінің даму бюджеті 1,4 млрд. теңгені құрады. Ауданда авариялық жағдайдағы мектептер жоқ. 4 мекемеде күрделі жөндеу жұмысы, 5 мектепте мамандандырылған робот техникасы кабинеттері ашылды, мектептерде компьютерлік парк 51 компьютермен толықты, спорттық құрал-жабдықтар жаңартылды. Аудан мектептерінің контингенті жаңа оқу жылына шамамен 1594 адамды құрайды, бұл былтырғы оқу жылымен салыстырғанда 48 адамға артты..
Бірінші сыныпқа 193 астам оқушы барады.
Бұл оқу жылы Қытай Халық Республикасынан өзінің тарихи Отанына оралған Успен ауданының 18 оқушысына ерекше болмақ. Ольгин мектебінің 0-4 сыныптарына 10 оқушы, Лозовой мектебінің 5-11 сыныптарын 7 оқушы ( Ольгин мектебінен Лозов мектебі жанындағы интернатта оқиды), 3 оқушы Қаратай мектебінде оқиды, олар Қазақстан мектептерінің табалдырығын алғаш аттағалы отыр. Оларға қазақ тілін әліппиден бастап оқуға тура келеді.
Білім бөлімі мемлекеттік тілде оқуға балаларды тарту бойынша жұмыстарды белсенді түрде атқаруда. Алғаш рет Ольгин мектебінде, Тимирязев мектебінде (2 және 4 сынып 1 оқушы) қазақ тілі сыныптары ашылды. Жалпы қамту 23 оқушыны құрайды. Аралас мектептер жүйесі 6 дан 8 дейін артты.
Оқулықтармен жабдықталу 100 % құрайды. Жаңартылған бағдарлама шеңберінде 2, 5, 7 сыныптарға оқулықтар, 1, 2 сынып оқушыларына жұмыс дәптерлері, мектепке дейінгі даярлық үшін оқу-әдістемелік кешендер, кітапхананың кітап қорын толықтыру үшін мемлекеттік тілде көркем әдебиет кітаптары сатып алынды. Бөлінген бюджет сомасы – 17,9 млн. теңге. 2017 - 2018 оқу жылдарында 4 мектептің 9, 10 сыныптардың оқушылары тәжірибе шеңберінде физика және биология, информатика пәндерін ағылшын тілін қолдануымен оқиды. Аталған жобаны іске асыру үшін мектептер ағылшын тілі оқулықтарымен жабдықталған, «көптілді» сыныптарда сабақ жүргізгені үшін мұғалімдерге оқу жүктемесін ескермегенде 35,0 мың теңге ай сайын қосымша ақы бөлінеді.
356 астам педагог ауданның білім беру ұйымдарында өз еңбек қызметін жалғастырады. Жаңартылған бағдарламаларды еңгізу шеңберінде 196 педагог қайта даярлау және біліктілікті арттыру курстарынан өтті. Жаңа оқу жылында педагогикалық жоғарғы оқу орындары мен колледждерден 13 түлек қала мектептеріне келді, солардың ішінде 26 маман ағылшын тілінен білімдері бар. Педагогикалық кадрлармен қамту 100% құрайды.