Аудан мұғалімдерінің әдістемелік күні
2017 жылдың 22 қыркүйегінде білім бөлімі білім беруді дамытудың Инновациялық орталығымен бірлесіп әдістемелік күндер өткізу аясында 2017-2018 оқу жылында ауданның жалпы орта білім беру мектептеріндегі білім беру процесін ұйымдастыру ерекшеліктеріне түсіндірме жасау бойынша семинарлар өткізілді. Семинар жұмысына 138 мұғалім қатысты.
Талқыланған мәселелер сан түрлі - бес күндік жұмыс режиміне көшу, жаңартылған білім мазмұны, аптаның алтыншы күнін тиімді пайдалану, мектептің құжаттамасын жүргізу мәселелері. Бірақ басты талқыланған мәселе ол білім беру мазмұнын жаңарту жағдайында оқу процессін ұйымдастыру ерекшеліктері, оқушылардың білім жетістіктерін бағалау жүйесі және ата-аналармен тығыз байланыста болу мәселесі болды.
Кездесу барысында сабақ кестесін, оқу жоспарларын жасауға арналған ұсынымдар берілді, аудан педагогтары өздерін мазалаған сұрақтарға жауап алды. Педагогтар өздерінің әдістемелік білімін толықтырды және жұмыс жүйесіне басқаша көзқараспен қарайды деп үміттенеміз, енді жұмысқа барынша күш-жігермен кірісетін болады.