№3 Успен ЖОББМ BilimClass кабинетінің ашылуы
«BilimMediaGroup» компаниясының «Цифрлық Қазақстан» жобасы шеңберінде 2017 жылдың 22 қыркүйек күні Успен ауданындағы №3 Успен жалпы орта білім беру мектебінде «BilimBook» білім беру жүйесімен жабдықталған, жаңа модификацияланған BilimClass кабинеті ашылды. BilimBook барлық жастағы мектеп оқушыларына арналған және 1-ден 11 сыныпқа дейінгі тәрбие үшін қолайлы болып табылады. Білім беру процесінде аталған жүйелерді пайдалану оқушылар мен мұғалімдерге үлкен қолдау болады. Оқу процесінде техникалық қамтамасыз етуге қатысты туындайтын қиындықтарды деңуге көмектеседі. BilimClass кабинетін ашылуына Успен ауданының әкімі С.И. Саламацкий, «BilimMediaGroup» компаниясының өкілдері: клиенттермен жұмыс істеу департаментінің директоры Г.М. Шуленбаева мен ақпараттық технологиялар бөлімінің басшысы А.А. Кемельдинов, сонымен қатар, Павлодар облысы білім беру басқармасының басшысының орынбасары Р.К. Аканова қатысты. BilimClass кабинеті интерактивті тақта мен проектор, 18 сенсорлы трансформер-ноутбуктері мен сейф-шкафпен жабдықталған. «Цифрлық Қазақстан» жобасы оқытудың интерактивті түрлерін қалыптастыруда және дамытуда жаңа елеулі кезеңді ашады.