Болашаққа қадам
Болашаққа Бағдар: «Рухани жаңғырту» бағдарламасы шеңберінде 2017 жылғы 22 қыркүйек күні Успен ауданы №3 мектебінде аудан әкімі Сергей Иванович Саламацкийдің қатысуымен жас педагогтарға арналған кездесу өтті.
Кездесу диолог форматында ұйымдастырылды, әрбір жас маман өздерін ауылдық жерде толғандырып жүрген мәсеселер қарастырып, өздерінің кәсіби жетістіктерімен шеберліктерімен бөлісіп, болашаққа құрған жоспарларын ортаға салды.
Аудан әкімі өзінің құттықтау сөзінде жас мамандарға аз уақытта болса кәсіби қызметінде белгілі жетістерді бағындырған, әрбір жас мамандарға тәжірибелі тәлімгер тағайындалғандығын айтты. Соңғы жылдары мұғалімнің жақсы жаққа қарай өзгеруі еңбек ақы көбейгендіктен емес, мамандығына деген құрмет пен кәсіби өсуінен байқалады. Ауданымызда жас мамандардың жылдан жылға артып келе жатқандығы қуантарлық жағдай. Жас мамандарды қолдау, жергілікті атқарушы органдардың ең негізгі мәселесі болып қалады, - деді.
Әрбір қатысушыға өз атына әкімнің құттықтау сөзі және естелік сыйлық табысталды.