2
3
4
5

Сайт бойынша іздеу


Сайт статистикасы

Бүгін10
Кеше72
Апта344
Ай1576
Барлық күндері106857

Қауырт желісі

liniya

 

 

 

Областной кризисный центр РК
г. Павлодар, ул. Ломова, д. 47/1
Тел.: 34-13-13
Телефон доверия: 88000803434
pvl.help-center@yandex.kz

 

100 logo kz

 

114

Мұғалім – мектептің жүрегі

   

   Білім саласы қызметкерлерінің мерекесіне орай ағымдағы жылдың 30 қыркүйегінде Успен ауылы аудандық Мәдениет үйі базасында салтанатты жиын өтті. Аталмыш шараға білім саласының ардагерлері, білім беру ұйымдарының директорлары және қоғамдық мекемелердің өкілдері қатысты.

   Аудан әкімі С.И. Саламацкий құттықтау сөз сөйлеп, бір топ озат мұғалімдерге алғыс хаттар табыстап, гүл шоқтарын ұсынды. «Шебер ұстаз», «Ұлағатты ұстаз», «Алтын жүрек», «Табыс» номинациясымен білім беру ұйымдарының педагогтары мен қызметкерлері марапатталды. Мадақтамалар мен естелік сыйлықтар табыс етілді.

   Салтанатты рәсім дәстүр бойынша жыл сайынғы аудандық «Жыл мұғалімі», «Жыл тәрбиешісі», «Жыл психологі», «Үздік әдістемелік бірлестік» конкурс жеңімпаздары марапаттаумен жалғасын тапты. «Жыл мұғалімі» атағы №1 Успен орта мектебінің физика пәнінің мұғалімі А.Н. Захаровқа берілді. «Жыл тәрбиешісі» конкурсының жеңімпазы Т.В. Пудич, «Балапан» бала бақшасының тәрбиешісі, «Жыл психологі» атағына Павлов орта мектебінің психологі А.Қ. Аусагитова лайықты деп танылды. «Үздік әдістемелік бірлестік» атағын ҚБ ӘБ жетекшісі А.А. Середе, №1 Успен орта мектебі жеңіп алды.

   Мұғалімдерді жас өнерпаздар құттықтады. Мерекелік концерт ұсынды.

 

1 1