2
3
4
5

Сайт бойынша іздеу


Сайт статистикасы

Бүгін22
Кеше72
Апта356
Ай1588
Барлық күндері106869

Қауырт желісі

liniya

 

 

 

Областной кризисный центр РК
г. Павлодар, ул. Ломова, д. 47/1
Тел.: 34-13-13
Телефон доверия: 88000803434
pvl.help-center@yandex.kz

 

100 logo kz

 

114

Халықаралық қыздар күні

   

   Онкүндіктің мақсаты – қыздардың білім алу, медициналық қызмет алу мүмкіндігі құқығын іске асыру, дискриминациядан, зорлық- зомбылықтардан, мәжбүрлі некеден қорғау болып табылады.

   Успен ауданының білім мекемелерінде аталған іс-шараның маңыздылығы және өзектілігі ескеріле отырып, бірқатар жұмыстар атқарылды.

   №3 Успен ЖОББМ директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары З.Р. Шакаргалиева Павлодар облысы бойынша «Әлем ана» мұсылман әйелдерінің лигасымен кездесу өткізді.

   Қозыкеткен мектебі директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Ю.М. Добродеева 10-11 сыныптың қыздары арасында «Зорлық-зомбылық қатыгездік пе, әлде тәрбие әдісі ме?» тақырыбында зорлық-зомбылықтың алдын алу мәселелері туралы әңгіме өткізілді. Ол баланың абыройына нұқсан келтіретін балағат сөздер балаға ауыр психолгиялық жарақат салуға және оның тәртібін бұзуға тіптен дағдарысқа ұшаратыны туралы әңгімеледі. Лозовой мектебі директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары М.С. Масакова «Барби-parti» іс-шарасы, «Эрудит» викторина, «Күз аруы» конкурстары өткізді. Сондай-ақ сынып жетекшілері «Қыз өссе, елдің көркі», «Қыздар арасында», «Халықаралық қыздар күні», «Қыздар неден жасалған?», «Қыз - бойжеткен - Ана» тақырыптарында сынып сағаттарын өткізді.

   Козыкеткен мектебінің аға тәлімгері Н.В. Щербань 8-9 сынып оқушыларының қыздарымен бірлесіп «Қыздар мен әйелдер құқығы» қабырға газетін шығарды. Белоусов мектебінің аға тәлімгері Д.А. Табылдықова халықаралық қыздар күніне арналған мереке өткізді, ол қыздарды мерекелерімен құттықтады және бірқатар іс-шаралар «Бұрымды қыз» акциясын ұйымдастырды, іс-шараны 9 сынып бозбалалары өткізді, акцияның мақсаты ең әдемі және ең ұзын бұрымды анықтау болды. Қыздар өте риза болды, барлығына мереке ұнады.

   5-10 сынып оқушылары үшін медбикелермен «Қыздар гигиенасы», «Ерте жыныстық қатынастың зардаптары?», «Бетке күтім жасау», «Жыныстық тәрбие» тақырыптары бойынша әңгімелесулер өткізілді.

   Павлов ЖОББМ фельдшері Т.Ж. Сатыбаева атап өткен жөн, ол 9-10 сынып оқушыларымен өскелең ұрпақтың сексуалдық тәрбие мен мәдениет мәселелеріне арналған назар аудартуға негізделген әңгімелесу өткізді. Атап айтар болсақ жыныстық ерте жетілу, жоспарланбаған жүктілік және оны қасақана тоқтату туралы әңгіме жүргізілді. Мектеп кітапханшылары «Барлығы қыздар үшін» және «Көрнекті әйелдер» қызықты кітаптар көрмесін жасады. Қыздар кітапханаға барып, көптеген қызықты әрі пайдалы кеңестерді білді. Кішкентай қыздар үшін «Әдеп ережесі» мультимедиялық сабағы өткізілді. Кейін қыздар « Қонақ келгенде дастархан басында өзін қалай ұстау қажет», «Қоғамдық орында өзін –өзі қалай ұстау керек?» сұрақтары бойынша өзара әңгімелесті. Бұл сұрақтарға қыздар толық жауап бере алды. Сабақ қызарға ұнады.

   Қозыкеткен ЖОББМ нұсқаушысы Л.А. Щербань «Біз бірге» сайсын ұйымдастырды. Қыздар екі командаға бөлініп түрлі спорттық конкурстарға қатысты. Конкурс қорытындылары бойынша тәтті сыйлықтар берді. №3 Успен ЖОББМ нұсқаушысы М.Б. Құрманалинов спорттық іс-шаралар «Тоғызқұмалақ», «Дойбы» және волейбол бойынша жарыстар өткізді. Барлық іс-шаралар жоспарға сәйкес өткізілді.

 

1 1
1 1
1 1