2
3
4
5

Сайт бойынша іздеу


Сайт статистикасы

Бүгін27
Кеше83
Апта239
Ай937
Барлық күндері124413

Қауырт желісі

liniya

 

 

 

Областной кризисный центр РК
г. Павлодар, ул. Ломова, д. 47/1
Тел.: 34-13-13
Телефон доверия: 88000803434
pvl.help-center@yandex.kz

 

100 logo kz

 

114

Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру

   

   Білім беру бөлімі Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру мақаласын іске асыру мақсатында іс-шаралар жоспарын әзірледі. Жоспар бойынша белгіленген жұмыстар білім беру мекемелерінде атқарылып жатыр.

   Ағымдағы жылғы 14 қыркүйекте жоспарлаған уақытта 14.00-те бір мезгілде Қазақстан Республикасы Президентінің Болашаққа бағдар: «Рухани жаңғырту» мақаласын іске асыру шеңберінде ұлттық тоғызқұмалақтан флешмоб ұйымдастырылды. Флешмобқа 379-ға жуық оқушылар қатысты.

   Аудан мектептерінде 2017 жылғы 14 қазанда күні «Менің болашыққа бағдарым» атты 1-11 сыныптар арасында тәрбие сағаттары өтті. Сынып жетекшілер тәрбие сағаттарын қызықты етіп ұйымдастырды. Сынып сағаттарында бейнеролик, презентациялар көрсетілді. Бастауыш сынып оқушылары «Рухани жаңғыру» символын жасады.

   2-4 сынып оқушылары арасында «Асық ойыны» атты ұлттық ойындар өткізілді. Асық ойынын спорт инструкторлары ұйымдастырды. Оқушыларға асық ойыны тарихы және ойынның түрлері бейнеролик арқылы түсіндірілді. Түсіндіру жұмыстарынан кейін «Асық ату» ойыны өтті. Оқушылар ойынды лезде игеріп алды, сондай-ақ қызыға ойнады. Қазақ мектебінің оқушылары бірден «Асық ату» ойынына ойын шарты таныстырылғаннан кейін кірісті.

   «Достық шеберханасы» сабақтарына 5-8 сыныптары арасынан 590 оқушы қамтылды. Балалар өз қызығушылықтарымен шеберханада қағаздан, ағаштан, матадан бұйымдар жасады. Әсіресе Қозыкеткен мектебінің ұлдары ағаштан ұлттық нақышта жасаған: дөңгелек үстел, бесік, астау т.б. көңілден шықты. Лозовой мектебінің 5 сынып оқушылары «Рухани жаңғыру» белгісін қағаздан қиып жасады.

   9-11 сынып оқушылары үшін ауданның табысты адамдарымен немесе «Мектебіме тағзым» науқанына мектептің түлектерімен кездесу жоспарлағандай өтті. Алдын ала жоспарлағандай әрбір білім ошағында 20 мектеп түлектері өкілімен дөңгелек үстел ұйымдастырылды. Кездесуге келген мектеп түлектері өздерінің табысқа жету жолын әңгімеледі. Оқушылар тарапынан туындаған сұрақтарға жауап берді. Өзара пікір алмасу бұдан әрі қара жалғасын табатын болады.

   2017 жылғы 13 қазанда Успен ауылы, №3 мектебінің базасында тәрбие жұмысы жөніндегі директор орынбасарларымен Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру мақаласын іске асыру барысында атқарылатын жұмыстар жөнінде түсіндіру жұмыстары өтті. Білім беру басқармасы тарапынан «Рухани жаңғыру» бойынша берілген проект презентациялау әдісі арқылы таныстырылды.

   2017 жылғы 17 қазанда Успен ауылы №3 Успен мектебінің базасында «Ұлы дала поэзия» атты республикалық жыр эстафетасы акциясы аудан мектептерінің оқушылары арасында салтанатты түрде өткізілді. Мектептерден 40 оқушы қамтылды. Қазақтың танымал ақындарының поэзиясын оқыды. Әділқазылар алқасы оқушылардың жыр эстафетасын жоғары бағалады. Әділқазылар алқасы төрағасы - Зұлқарнай Ермұратұлы қатысушыларға бастамалары жаман емес екендігін аттап өтті. Мәнерлеп оқу конкурсына келесі жылы бұдан көп өзге ұлт өкілдерін қатысуды шақырды. Жыр эстафетасына қатысушылардың бейнероликтері instagram, facebook әлеуметтік желілеріне хэштэгтер арқылы жарияланды.

 

1 1
1 1
1 1
1 1
1 1