2
3
4
5

Сайт бойынша іздеу


Сайт статистикасы

Бүгін14
Кеше72
Апта348
Ай1580
Барлық күндері106861

Қауырт желісі

liniya

 

 

 

Областной кризисный центр РК
г. Павлодар, ул. Ломова, д. 47/1
Тел.: 34-13-13
Телефон доверия: 88000803434
pvl.help-center@yandex.kz

 

100 logo kz

 

114

Облыстық «Мағжан оқулары» байқауы

   

   Жыл сайын облыста Мағжан Жұмабаев рухани мұрасын көп білетін оқушылар арасында байқау өткізіледі. Ағымдағы жылдың 20 қазан күні Павлодар қаласының №35 жалпы орта білім беру мектебінде 5-11 сынып оқушылары арасында V облыстық Мағжан оқулары өткізілді.

   Ереже бойынша Мағжан оқулары үш бағыт бойынша аудандық және қалалық жеңімпаздары 54 оқушының қатысуымен өтті. Балалар ақынның өлеңдерін жатқа айтып, жас дарындар өз туындыларын оқып, жас зерттеушілер Мағжан Жұмабаевтың өмірі мен мұрасына арналған ғылыми жобаларын қорғады.

   Успен ауданының атынан «Ақын да бір бала ғой ұмтылған» бағыты бойынша Қаратай ЖОББМ-ң 7 сынып оқушысы Смаилова Алима және «Өлең-менің Шолпаным, Айым, Күнім» бағыты бойынша №3 Успен ЖОББМ-ң 10 сынып оқушысы Бердмурат Салтанат қатысты. Байқаудың қорытындысында ІІІ дәрежелі дипломға №3 Успен ЖОББМ-ң оқушысы Бердмурат Салтанат ие болды.

   Успен ауданының білім бөлімі байқауға қатысушыларды құттықтайды және келешекте оқуда шығармашылық табыстар тілейді.

 

1
1