2
3
4
5

Сайт бойынша іздеу


Сайт статистикасы

Бүгін27
Кеше83
Апта239
Ай937
Барлық күндері124413

Қауырт желісі

liniya

 

 

 

Областной кризисный центр РК
г. Павлодар, ул. Ломова, д. 47/1
Тел.: 34-13-13
Телефон доверия: 88000803434
pvl.help-center@yandex.kz

 

100 logo kz

 

114

«Латын графикасына көшу – заман талабы» тақырыбында дөңгелек үстел өтті

   

   Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласы жарияланғалы, әр түрлі пікірлер қалыптаса бастады. Бұл өте үлкен дайындықты қажет ететін шаруа екендігі белгілі. Осы ретте біршеше сұрақ туындайды. Біз латыншаға ауысуға дайынбыз ба? Қоғам қалай қабылдайды? Тіл тағдыры не болады? – деген сауалдарға жауап іздеп көрейік.

   Расында, ел арасында латын әліпбиі туралы сан түрлі пікірлер айтылып жүргені анық. Бірі қолдап өз пікірін білдірсе, келесі бірі қарсылығын айтып ойын дәлелдеуде. Ал осы мәселені одан әрі талқылау мақсатында 2017 жылғы 31 қазанда Успен ауданының №3 Успен, Ольгин, Қаратай мектептерінде «Латын графикасына көшу – заман талабы» тақырыбында дөңгелек үстел 8-11 сынып арасында (67 оқушы) өтті. Талқылауға қатысушылар арасында «Нұр Отан партиясы» филиалының кеңесшісі С.Елгондинов және білім бөлімінің тілдер жөніндегі әдіскері Ұ.Тоқталқызы болды. Латын графикасына көшу қазақ елінің өшуіне емес, өсуіне септігін тигізетінін атап өтті. Қатысушылар арасында туындаған сұрақтарға жауап берді. Оқушылар да пікір алмасуға белсенділік танытып, Таласпаев Әди (11 с.,) Бақытбекқызы Фарида (9 с.,), Нурбаева Тұрғын (8 с.,) сөз алды. Өз ойларын айтты және заманауи ағымнан тыс қалмауды жөн санайдықтарын жеткізді. Дөңгелек үстелдің өтуіне ұйытқы болған қазақ тілі мұғалімдері: Б. Жұмабекова, М.Жұмашев және Н.Дукеева, тарих пәні мұғалімі Е.Сатыбалдинов. Көпшіліктің пікірі «латын әліпбиіне көшу - ұлттық жаңару»,- деген ой түйді.

 

1 1