АКТ бойынша облыстық конкурс қорытындылары туралы
3 қараша күні «Ақпараттық-коммуникациялық технологиядар білім беруде» және «Интерактивтік мозаика» атты жаратылыстану бойынша ойын-презентация конкурсының қорытындылары жасалды. Білім беру басқармасының ақпараттық технологиялар орталығы Павлодар қаласындағы №16 лицей мектебінде «Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар білім беруде» атты облыстық конкурстың ақтық кезеңі өткізілді. Іріктеу кезеңіне Успен ауданынан Павлов, Константинов және №3 Успен ЖОББ мектептерінен 3 мұғалім қатысты. Ақтық кезеңге Павлов мектебінің мұғалімі К.К. Махамбетова өтті.
«Өрлеу» біліктілікті арттырудың ұлттық орталығы» АҚ, «Павлодар облысы бойынша педагог кадрлардың біліктілігін арттыру институты» мектепке дейінгі ұйымдардың тәрбиешілері мен бастауыш сынып мұғалімдері арасында «Интерактивтік мозаика» атты тілдік дағдыларды дамыту бойынша конкурстық ойын –презентацияны сырттай өткізді. Конкурсқа 21 жұмыс ұсынылып 24 педагог қатысты, олар түрлі -түсті интерактивтік презентацияда білім қажеттіліктері, негізі тілдік дағдыларды дамыту бойынша мектеп жасына дейінгі және мектеп жасындағы балалардың қызығушылықтары ескерілді. Конкурсқа қатысушылардың жұмыстары қаралды, педагогтардың компьютерлік сауаттылығы, олардың шығармашылық және бастамашылдық қасиеттері жоғары екендігі аталып өтті. Конкурс қортыныдысы бойынша жеңімпаздар анықталды. 3 орынға №3 Успен ЖОББМ-нің даярлық тобының мұғалімі А.Ж. Джалбырова ие болды. Конкурс қатысушыларына шығармашылық табыс пен жеңіс тілейміз.