2
3
4
5

Сайт бойынша іздеу


Сайт статистикасы

Бүгін23
Кеше83
Апта235
Ай933
Барлық күндері124409

Қауырт желісі

liniya

 

 

 

Областной кризисный центр РК
г. Павлодар, ул. Ломова, д. 47/1
Тел.: 34-13-13
Телефон доверия: 88000803434
pvl.help-center@yandex.kz

 

100 logo kz

 

114

Аудандық «Жер жұмағы - Кереку» әдеби-музыкалық шығармашылық конкурсы

   

   Ағымдағы жылдың 12 желтоқсан күні Успен ауылында «Балдырған» балалар эстетикалық орталығының базасында Қазақстан Республикасы тәуелсіздік күні мерекесі қарсаңында «Рухани жаңғыру» бағдарламасы шеңберінде жас орындаушылар арасында І аудандық «Жер жұмағы - Кереку» әдеби-музыкалық шығармашылық конкурсы 1-11 сынып оқушылары арасында өтті.

   Конкурстың мақсаты - «Рухани жаңғыру» бағдарламасына сай, өңірімізге танымал тұлғалардың өмірі мен шығармашылығын оқушылар арасында насихаттау.

   Конкурс ережеге сәйкес, 2 бағыт бойынша өткізілді:

І поэзиялық бағыт. Павлодар өңірінен шыққан танымал ақындардың шығармашылығынан бір өлең жатқа айту.

ІІ музыкалық бағыт. қатысушылар қазақ халқы әндері мен қазақ сазгерлерінің шығармаларынан бір ән орындау.

   Конкурсқа ауданның 10 мектебінен 30 оқушы қатысты. Конкурстың ең жас қатысушысы №3 Успен мектебінің 1 сынып оқушысы Ибраева Аружан болды. Поэзиялық бағыт бойынша қатысушылар өлеңді нақышына келтіріп, жатқа оқыды. Бұл бағыт бойынша: бастауыш сынып оқушыларынан 3-орынды Магзумова Я., (№3 Успен мектебі, 2 с.), 2-орынды Мейрам Адижан (№3 Успен мектебі, 3 с.), 1-орынды Ибраева Аружан (№3 Успен мектебі, 1 с.) иеленді. Өз шығармашылығымен Хамит Сейфолла (№3 Успен мектебі, 3 с.) 1-орынға ие болды. 5-7 сынып оқушылары арасында: 3-орын Серіккали Елжан (Лозовой мектебі, 6 с.) және Тусупбаева Камила (№2 Успен мектебі, 6 с.), 2-орынды Тойкенова Индира (Қозыкеткен мектебі, 6 с.), 1-орынды Ораз Гүлдана (Қаратай мектебі, 7 с.). Өз шығармашылығы бойынша 3-орынды Қайыр Жанел (Павлов мектебі, 5 с.), 2-орынды Тоскарин Мади (Константинов мектебі, 11 с), 1-орынды Смаилова Әлима (Қаратай мектебі, 7 с.) иеленді. Этнос өкілдері арасынан 3-орын Манжос Екатерина (Ковалевмектебі, 8 с.), 1-орынды Топтун Ангелина (№3 Успен мектебі, 8 с.) иеленді.

   Екінші бағыт бойынша халық әндері мен қазақ сазгерлерінің әсем әндердін шырқады. Орындаушылық қабілетімен дараланған оқушылар конкурстың жеңімпаздары мен жүлдегерлері атанды. Бастауыш сынып арасында 2-орынға ие болғанда: Камилов Дархан (№3 Успен мектебі, 3 с.) және Валеулина Шадияр (Қаратай мектебі, 3 с.), 2-орын Достава Сабира (Таволжан мектебі, 6 с.) және Жакупова Азалия (Қозыкеткен мектебі, 7 с.), 3-орын Адилова Гульдана (Тимирязев мектебі, 7 с.).

   Әділқазылар алқасы жас ерекшелігіне қарай: бастауыш буын, ортаңғы буын, жоғары буын оқушыларын жекелей бағалады.

   Қатысушылар білім беру бөлімінің мадақтамаларымен марапатталды.

 

1