«Тұғыры биік Қазақстаным» атты мерекелік шара
2017 жылғы 14 желтоқсанда «Балдырған» балалар эстетикалық орталығында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні қарсаңында «Рухани жаңғыру» бағдарламасы шеңберінде мерекелік шара өтті. Шараға ауданымыздың қадірлі қонақтары шақырылды. Мерекелік шараның салтанатты бөлімінде «Жас Ұлан» балалар ұйымына 5 сыныптың ең үздік, озат 25 оқушысы қабылданды. Галстук тағу рәсімін өткізу мәртебесі аудан әкімінің орынбасары А. Дисюпова, аудандық жастар саясаты бөлімінің директоры А. Жусупбаев, аудандық маслихаттың депутаты С. Елгондинов, О.Устименко, аудандық мәдениет үйінің директоры М. Тауасқанға берілді. Ұйымға қабылданған оқушылар ант беріп, аудан әкімінің орынбасары А. Дисюпова Жас ұландарды басқан қадамдарымен құттықтап, жүрек жарды ақ тілегін білдірді.
Салтанатты рәсім мерекелік коцертпен жалғасын тапты.