2
3
4
5

Сайт бойынша іздеу


Сайт статистикасы

Бүгін21
Кеше83
Апта233
Ай931
Барлық күндері124407

Қауырт желісі

liniya

 

 

 

Областной кризисный центр РК
г. Павлодар, ул. Ломова, д. 47/1
Тел.: 34-13-13
Телефон доверия: 88000803434
pvl.help-center@yandex.kz

 

100 logo kz

 

114

«Біз Мәңгілік Ел боламыз!»

    2017 жылдың 27 желтоқсан күні №1 Успен ЖОББМ базасында Успен ауданы әкімінің атынан жаңа жылдық шырша мерекесі өткізілді. Аталған іс-шара ға ауданның жетім балаларына, әлеуметтік жағынан аз қорғалған отбасылардың балаларына, сондай-ақ, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға дәстүрлі түрде ұйымдастырылады.

   Жаңа жылдық мерекеге 5 және 13 жас аралығында жалпы -110 бала қатысты. Балалардың жаңа жылдық көрсетілімінің тақырыбы - «Біз Мәңгілік Ел боламыз!». Мерекенің егізгі идеясы – Астананың 20 жылдығы. Балалар үшін әсерлі театрландырылған көріністер мен тарихи және ертегі кейіпкерлерінің қатысуымен көрсетілім қойылды, әсем әнмен, бимен жалғасын тапты.

Толығырақ...

Аудандық «Жер жұмағы - Кереку» әдеби-музыкалық шығармашылық конкурсы

   

   Ағымдағы жылдың 12 желтоқсан күні Успен ауылында «Балдырған» балалар эстетикалық орталығының базасында Қазақстан Республикасы тәуелсіздік күні мерекесі қарсаңында «Рухани жаңғыру» бағдарламасы шеңберінде жас орындаушылар арасында І аудандық «Жер жұмағы - Кереку» әдеби-музыкалық шығармашылық конкурсы 1-11 сынып оқушылары арасында өтті.

  Конкурстың мақсаты - «Рухани жаңғыру» бағдарламасына сай, өңірімізге танымал тұлғалардың өмірі мен шығармашылығын оқушылар арасында насихаттау.

Толығырақ...

«Тұғыры биік Қазақстаным» атты мерекелік шара

   

   2017 жылғы 14 желтоқсанда «Балдырған» балалар эстетикалық орталығында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні қарсаңында «Рухани жаңғыру» бағдарламасы шеңберінде мерекелік шара өтті. Шараға ауданымыздың қадірлі қонақтары шақырылды. Мерекелік шараның салтанатты бөлімінде «Жас Ұлан» балалар ұйымына 5 сыныптың ең үздік, озат 25 оқушысы қабылданды. Галстук тағу рәсімін өткізу мәртебесі аудан әкімінің орынбасары А. Дисюпова, аудандық жастар саясаты бөлімінің директоры А. Жусупбаев, аудандық маслихаттың депутаты С. Елгондинов, О.Устименко, аудандық мәдениет үйінің директоры М. Тауасқанға берілді. 

Толығырақ...

Успен аудандық «Бала барысы - 2017» қазақша күрестен ашық біріншілік

   

   Қазақстан Республикасы Тәуелсіздік күні мерекесі қарсаңында Рухани жаңғыру бағдарламасы шеңберінде 2017 жылғы 9 желтоқсанда балалар жасөспірімдер спорт мектебінің базасында Успен аудандық қазақша күрестен ашық біріншілік өтеді.

   Іс-шара мақсаты ұлттық спорт түрін дамыту және көпшілікке тарату, патриоттық сана-сезімге, салауатты өмір салтын насихаттауға тәрбиелеу болып табылады.

   Успен ауданының қазақ күресі Федерациясы, аудандық прокуратурасының, қолдауымен өтетін ұлттық ойын түрі Павлодар облысының барлық аудандарымен, шекаралас облыстардың қатысуына мүмкіндік туғызды. Осы шараның өтуіне демеушілік танытқан «БИК» ШҚ, «Алдияр» ШҚ, «Рысмағамбетов» ШҚ, «Егімбай» ШҚ, «Дархан» ШҚ және «Ажболат» ЖШС болды.

Толығырақ...

Шахмат жарыстан өткізген бойынша мәлімет

   2017 жылдың 15 желтоқсан Успен ауылының «Балдырған» балалар орталығында мектеп оқушыларының аудандық 11-шы қысқы спартакиада есебіне дойбы жарысы өткізілді. Жарысқа жалпы 40 оқушы қамтылуымен ауданның 13 мектебі қатысты. Жарыс қорытындысы бойынша жүлделі орындар келесі тәртіпте анықталды: 3-ші орынды Новопокров ОББМ командасы иеленді, құрамы Саадулаев Д, Топтун А, Сулейманова А, команда жаттықтырушысы М.А.Марцаликов. 2-ші орынға № 3 Успен ЖОББМ командасы ие болды, команда құрамы: Бердымурат М, Ибраев А, Ельгундинова Г, команда жаттықтырушысы М.Б. Құрманалинов. Ал жарыс жеңімпазы атанған Константинов ЖОББМ командасы. Команда құрамы: Смагулова К, Козлов В, Омаров Д, команда жаттықтырушысы А.Ш. Есембаев. Жүлделі орындарды иеленген қатысушылар мен командалар «Қайсар» балалар-жасөспірімдер дене шынықтыру тәрбиесі клубының грамоталарымен және медальдарымен марапатталды.

Толығырақ...

8-11 сыныптар арасында Республикалық пәндер олимпиадасының аудандық кезеңі

   

    2017 жылы 8 желтоқсан күні №2 Успен ЖОББМ-ң базасында 8-11 сыныптар арасында Республикалық пәндер олимпиадасының аудандық кезеңі өтті. Олимпиада 2 тур бойынша өткізілді.

   2017-2018 оқу жылында олимпиадаға 18 мектептен 132 оқушы қатысты. Жеңімпаздар мен жүлдегерлер саны қатысушылардың жалпы санының 22 % -ды құрайды.

   Олимпиадаға пәндер бойынша қатысушылар саны: қазақ тілі мен әдебиеті (қазақ тілді мектепте) - 4, қазақ тілі (орыс тілді мектепте) – 9, орыс тілі (қазақ тілді мектептерде) – 2, орыс тілі (орыс тілді мектептерде) - 13, ағылшын тілі – 8, Қазақстан тарихы – 22, құқықтық негіздері – 6, информатика – 1, физика – 8, математика – 11, биология – 25, химия – 7, география – 16.

Толығырақ...