Волейбол
2017 жылдың 25 қараша күні Успен ауылының БЖСМ және № 2 Успен орта мектебінде мектеп оқушыларының 27-шы аудандық жазғы спартакиадасы есебіне қыздар арасында волейбол жарысы өтті. Жарысқа 67 оқушы қамтылуымен ауданның 9 мектебі шеберлігін көрсетті. Жарыс нәтижесі бойынша орындар келесі тәртіпте анықталды: жүлделі үшінші орынды Козыкеткен ЖОББМ, құрамы: Брак А., Ботнарь Е., Бессонова А., Войналович Н., Жураковская Е., Баймульдинова А., Щербань В. (жаттықтырушы Щербань Л.А.); екінші орынды Таволжан ЖОББМ, құрамы: Омельницкая Е., Омельницкая О., Балтабаева А., Николаева И., Арынгазинова Д., Степина А., Халикова Р., (жаттықтырушы Негодин Е.Н.); ал бірінші орынды Галицк ЖОББМ иеленді, құрамы: Гергардт В., Крохмаль М., Суббота В., Лебедева Е., Нкгматова С., Безет А., Майер Е., Катунина К. (жаттықтырушы Плевако С.Н). Жүлделі орындар иеленген командалар «Қайсар» БЖД ТК грамоталарымен және медальдарымен марапатталды.
Мектеп оқушыларының 27-ші аудандық жазғы спартакиадасы есебіне ұлдар арасындағы волейбол жарысының қорытындысы
2017 жылдың 18 қараша күні №2 Успен жалпы орта білім беру мектебінде мектеп оқушыларының 27-ші аудандық жазғы спартакиадасы есебіне ұлдар арасында волейбол жарысы өтті. Жарысқа 68 оқушы қамтылуымен ауданның 9 мектебі шеберлігін көрсетті. Жарыс нәтижесі бойынша орындар келесі тәртіпте анықталды: жүлделі үшінші орынды №2 Успен ЖОББМ, құрамы: Бочковский И., Ширажиденов О., Кулага Д., Тивоняк В., Берш М., Дерипаско А., Жанузаков Ж., (жаттықтырушы Лозовик Д.И.); екінші орынды Павлов ЖОББМ, құрамы: Антюшин О., Каиров С., Козленко Е., Решетняк Н., Бондарь А., Антюшин О., Зинченко А., Дубина В., Плевако А., (жаттықтырушы Бечелов З.З.); ал бірінші орынды Галицк ЖОББМ иеленді, құрамы: Сахно В., Мосейчук А., Топтун С., Фролов Э., Коняшкин М., Беспалько К., Майер Ф., (жаттықтырушы Плевако С.Н.). Жүлделі орындар иеленген командалар «Қайсар» БЖДТК грамоталарымен және медальдарымен марапатталды.
Мектептің 50-жылдық мерейтойын өткізілуі туралы
18 қараша 2017 жылы –Қаратай жалпы орта білім беру мектебі өзінің 50 жылдық мерейтойын атап өтті.Осы жылдар аралығында талай түлектерді тәрбиелеп, еліміздің білім кеңістігінде білім беру ордасы ретінде ерекше орын алды десек артық айтпаған болар едік. Мерекелік кеште 230-дан астам қонақтар жиналды. Жарты ғасырлық тарихы бар білім ордасы 1967-2017 жылдар аралығында мыңдаған жас ұрпақты тәрбиелеп, білім нәрімен сусындатты. Мерейтойға шақырылған ардагер ұстаздар, мектептің бұрынғы түлектері білім ұясының бүгінгі күнгі жетістіктеріне куә болып, қуанышқа кенелді.
Армандар орындалады
Ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар жылдан жылға артып келеді, бұл ащы шындық және өзекті мәселелердің бірі болып табылады. Қоғамдағы ешбір сала дәл осы мәселедей түйіткілді және бірінші кезекте назар аударар мәселелердің бірі емес. Өмірлік қиын жағдайда қалған балалардың 90% әлеуметтік жетімдер, демек ана-анасының көзі тірісінде жетімдік көрген- тірі жетімдер. Мемлекет аталған санаттағы балалар үшін барлық жағдайды жасап отыр. Оның мысалы 2017 жылдың қорытындысы бойынша ең үздік боп танылған отбасалық үлгіде Успен балалар үйі.
«Білімнің мерейлі мекені»
18 қараша 2017 жылы №3 Успен жалпы орта білім беру мектебінде «Білімнің мерейлі мекені» атты қазақ сыныптарының ашылғанына 25 жыл және жаңа ғимараттың 10 жылдық мерейтойы аталып өтті. Мерейтойға шақырылған ардагер ұстаздар, мектептің бұрынғы түлектері, еңбек еткен ұстаздар, аудан басшылары және осы қазақ мектебінің ашылуына үлес қосқан азаматтар қатысты. Білім ұясының бүгінгі күнгі жетістіктеріне куә болып, қуанышқа кенелді.
Барлық жиналған қонақтармен мектеп мұражайына, робототехника, Bilim Book кабинеттеріне экскурсия жүргізілді. Түлектер мектепте өткен қызықты жылдарын естеріне алды.
Жалпы ұлттық жоба аясында
Күзгі демалыс кезінде аудан мектептерінің 17 кітапханасында «Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру аясында қазақ тілі және әдебиеті мұғалімдерімен бірлесіп «Жүз танымал тұлға», «Бір ел, бір кітап», «Біздің Президент» тақырыптарында кітап көрмесі рәсімделді, көрмеге әр түрлі жастағы оқырмандар үшін ең үздік, экскюзивті кітаптар қойылды.
Ковалев, Константинов, №1, №2 Успен ЖОББ мектептерінде 12 сәуір күні мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласының негізі құрамдық бөлігі болып табылатын және жалпы ұлттық Патриотизмді кіндік қаның тамған жеріңе, өскен ауылыңа, қалаң мен өңіріңе, яғни туған жеріңе деген сүйіспеншілікті қалыптастыруға бағытталған іс-шаралар өткізілді.