2
3
4
5

Сайт бойынша іздеу


Сайт статистикасы

Бүгін21
Кеше83
Апта233
Ай931
Барлық күндері124407

Қауырт желісі

liniya

 

 

 

Областной кризисный центр РК
г. Павлодар, ул. Ломова, д. 47/1
Тел.: 34-13-13
Телефон доверия: 88000803434
pvl.help-center@yandex.kz

 

100 logo kz

 

114

5-7 сыныптар арасында пәндер олимпиадасының аудандық кезеңі

   

   2017 жылы 10 қараша күні №1 Успен ЖОББМ-ң базасында 5-7 сыныптар арасында пәндер олимпиадасының аудандық кезеңі өтті. Олимпиада 1 тур бойынша өткізілді.

   Осы оқу жылында олимпиадаға 18 мектептен 109 оқушы қатысты. Жеңімпаздар мен жүлдегерлер саны қатысушылардың жалпы санының 45 % -ын құрайды.

   Олимпиадаға пәндер бойынша қатысушылар саны: қазақ тілі мен әдебиеті (қазақ тілді мектепте) - 5, қазақ тілі (орыс тілід мектепте) – 11, орыс тілі (қазақ тілді мектептерде) – 3, орыс тілі (орыс тілді мектептерде) - 22, ағылшын тілі – 10, Қазақстан тарихы – 16, информатика – 2, математика – 25, биология – 10, география – 5.

Толығырақ...

Алфавит тізбесі

    «Латын әліпбиіне көшу» туралы ой-пікір айтылды, түйінделді. Енді нақты іс-шаралар басталды. Мақсат қойып, нәтижеге жету көзделді. Қараша айының алғашқы күні «Алфавит» тізбесі әдісін қолданып, қазақтың алтын бесігі - Ертіс пен Еділдің, Арқа мен Алатаудың арасы қазақ елінің ұлан ғайыр атырабының атауларын таңбалап қағаз бетіне түсіру жоспарланды. Оқушылар берілген тапсырма бойынша 14 облыстың атауын жазды, оларды алфавит ретімен орналастырды. Осы шараға №3 Успен, Павлов, Қаратай, Лозовой, Таволжан мектебінің оқушылары өте белсенді қатысты. Барлығы 98 оқушы қамтылды. Оқушылардың көзі әліпбиді қолдануға біршама үйреніп қалғандықтары байқалады. Балалардың алғашқы күні әліпбиемен жұмыс жасауы баяу болса, бүгін біршама жылдамырақ таңбаларды тауып, қажетті сөзді нақты әрі дұрыс жазды. Алға қойған мақсатқа барлығы жетті.

Толығырақ...

АКТ бойынша облыстық конкурс қорытындылары туралы

   3 қараша күні «Ақпараттық-коммуникациялық технологиядар білім беруде» және «Интерактивтік мозаика» атты жаратылыстану бойынша ойын-презентация конкурсының қорытындылары жасалды. Білім беру басқармасының ақпараттық технологиялар орталығы Павлодар қаласындағы №16 лицей мектебінде «Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар білім беруде» атты облыстық конкурстың ақтық кезеңі өткізілді. Іріктеу кезеңіне Успен ауданынан Павлов, Константинов және №3 Успен ЖОББ мектептерінен 3 мұғалім қатысты. Ақтық кезеңге Павлов мектебінің мұғалімі К.К. Махамбетова өтті.

Толығырақ...

«Латын графикасына көшу – заман талабы» тақырыбында дөңгелек үстел өтті

   

   Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласы жарияланғалы, әр түрлі пікірлер қалыптаса бастады. Бұл өте үлкен дайындықты қажет ететін шаруа екендігі белгілі. Осы ретте біршеше сұрақ туындайды. Біз латыншаға ауысуға дайынбыз ба? Қоғам қалай қабылдайды? Тіл тағдыры не болады? – деген сауалдарға жауап іздеп көрейік. Расында, ел арасында латын әліпбиі туралы сан түрлі пікірлер айтылып жүргені анық. Бірі қолдап өз пікірін білдірсе, келесі бірі қарсылығын айтып ойын дәлелдеуде. 

Толығырақ...

«Зерде» конкурсы облыстық кезеңінің қорытындысы

   2017 жылдың 3 қараша күні Павлодар қаласы, №25 ЖОББМ-ң базасында кезекті 1-7 сынып арасындағы зерттеушілік жұмыстар мен ғылыми жобалары Республикалық «Зерде» конкурсының облыстық кезеңі өткізілді. Облыстық кезеңде іріктеу турынан өткен жұмыстардын авторлары қатысты.

   Успен ауданынан физика-техника, математика, медицина-психология, тарих, өлкетану, этномәдениеттану секциялары бойынша 6 жұмыс таңдалды. Оның ішінде 1 жұмыс командалық. Нәтижесінде, аудан мектептерінің оқушылары 3 жүлделі орындармен 1 номинацияға ие болып қайтты. Олар: Мереке Әнел Таволжан ЖОББМ-ң 4 сынып оқушысы ІІІ орын (жетекшісі Есалинова А.М.), Темірболат Ғалымхан Қаратай ЖОББМ-ң 7 сынып оқушысы ІІІ орын (Бекенова Г.М.), Кононенко Иван және Ви Вита Галицк ЖОББМ-ң 3 сынып оқушылары ІІІ орын (жетекшісі Сухалет Н.Ф.), Закенов Ильяс №3 Успен ЖОББМ-ң 4 сынып оқушысы «Жобаның мәнін жақсы ашқаны үшін» номинациясының иегері (жетекшісі Асанов Е.С.) болды.

   Білім бөлімі қатысушыларды және жүлдегерлерді алған жеңісімен құттықтайды және оқуда жетістіктер мен табыстар тілейді.

«Биопоэма» Өмірбаяндық поэма

   

    Латын графикасына көшу шеберіндегі мәселені жандандыру мақсатында ауданның білім беру ұйымдарында күнделікті іс-шараға ұйымдастыру әдетке айналды. Білім беру ұйымдарында ағымдағы жылғы 31 қазанда латын графикасына көшу шеңберінде «Биопоэма» өтті. Ауданның №2 Успен, Ольгин, Лозовой, Павлов, Қозыкеткен мектептерінде 8-11 сынып оқушыларынан жиналған 46 оқушы қатысты.

Толығырақ...