2
3
4
5

Сайт бойынша іздеу


Сайт статистикасы

Бүгін57
Кеше60
Апта276
Ай1465
Барлық күндері105209

Қауырт желісі

liniya

 

 

 

Областной кризисный центр РК
г. Павлодар, ул. Ломова, д. 47/1
Тел.: 34-13-13
Телефон доверия: 88000803434
pvl.help-center@yandex.kz

 

100 logo kz

 

114

«Әке, ана және мен – біз туристтік жанұямыз»

    Балалар-жасөспірімдер, спорттық туризмді дамыту мақсатында 2017 жылдың 28 қазанында Павлодар қаласының № 41 орта мектебінде әрбір қала мен ауданнан келген отбасылар арасында «Әке, ана және мен – біз туристтік жанұямыз» облыстық спорттық ойыны өтті.

   Аудан намысын келесі отбасы қорғады: әкесі - Жетпісбаев Данияр, анасы - Белоусова Юлия, ұлы - Белоусов Никита, №1 Успен орта мектебінің 1 сынып оқушысы. Барлық конкурстар өткізілгеннен кейін Успен ауданының командасы жалпы командалық жүлделі үшінші орынды иеленді. Команда жетекшісі № 1 Успен ОМ дене шынықтыру мұғалімі В.В. Демитриченко.

Толығырақ...

Халықаралық қыздар күні

   

   Онкүндіктің мақсаты – қыздардың білім алу, медициналық қызмет алу мүмкіндігі құқығын іске асыру, дискриминациядан, зорлық- зомбылықтардан, мәжбүрлі некеден қорғау болып табылады.

   Успен ауданының білім мекемелерінде аталған іс-шараның маңыздылығы және өзектілігі ескеріле отырып, бірқатар жұмыстар атқарылды.

Толығырақ...

Облыстық «Мағжан оқулары» байқауы

   

   Жыл сайын облыста Мағжан Жұмабаев рухани мұрасын көп білетін оқушылар арасында байқау өткізіледі. Ағымдағы жылдың 20 қазан күні Павлодар қаласының №35 жалпы орта білім беру мектебінде 5-11 сынып оқушылары арасында V облыстық Мағжан оқулары өткізілді.

   Ереже бойынша Мағжан оқулары үш бағыт бойынша аудандық және қалалық жеңімпаздары 54 оқушының қатысуымен өтті. Балалар ақынның өлеңдерін жатқа айтып, жас дарындар өз туындыларын оқып, жас зерттеушілер Мағжан Жұмабаевтың өмірі мен мұрасына арналған ғылыми жобаларын қорғады.

Толығырақ...

Жылдың үздік психологі

   

   2017 жылғы 10 қазанда Павлодар қаласының «Жас дарын» мамандандырылған мектебінде «Жылдың үздік психологі» республикалық конкурсының облыстық кезеңі өтті. Конкурсқа Успен ауданы атынан Павлов мектебінің психологі Айнагүл Қайырқызы Аусагитова қатысты.

   Қатысушылар кәсіби шеберлік пен инновациялық технологияларды меңгерудің практикалық деңгейін көрсетті.

   Конкурсқа облыс бойынша 44 психолог қатысты, оның ішінде 22 адам – үш қаладан (Павлодар қаласынан – 15, Ақсу қаласынан – 3, Екібастұз қаласынан – 4), аудандардан – 20, мамандандырылған мектептерден – 2 адам. Конкурс қорытындысы бойынша Айнагүл Қайырқызы Аусагитова ІІІ орын иеленді.

Толығырақ...

Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру

   

   Білім беру бөлімі Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру мақаласын іске асыру мақсатында іс-шаралар жоспарын әзірледі. Жоспар бойынша белгіленген жұмыстар білім беру мекемелерінде атқарылып жатыр.

   Ағымдағы жылғы 14 қыркүйекте жоспарлаған уақытта 14.00-те бір мезгілде Қазақстан Республикасы Президентінің Болашаққа бағдар: «Рухани жаңғырту» мақаласын іске асыру шеңберінде ұлттық тоғызқұмалақтан флешмоб ұйымдастырылды. Флешмобқа 379-ға жуық оқушылар қатысты.

Толығырақ...

Мұғалім – мектептің жүрегі

   

   Білім саласы қызметкерлерінің мерекесіне орай ағымдағы жылдың 30 қыркүйегінде Успен ауылы аудандық Мәдениет үйі базасында салтанатты жиын өтті. Аталмыш шараға білім саласының ардагерлері, білім беру ұйымдарының директорлары және қоғамдық мекемелердің өкілдері қатысты.

   Аудан әкімі С.И. Саламацкий құттықтау сөз сөйлеп, бір топ озат мұғалімдерге алғыс хаттар табыстап, гүл шоқтарын ұсынды. «Шебер ұстаз», «Ұлағатты ұстаз», «Алтын жүрек», «Табыс» номинациясымен білім беру ұйымдарының педагогтары мен қызметкерлері марапатталды. Мадақтамалар мен естелік сыйлықтар табыс етілді.

Толығырақ...