Әскери - қолданбалы спорт түрі бойынша «Жас ұлан» аудандық жарысы
Қазақстандық патриотизм және азаматтық сана-сезімге тәрбиелеу, қазақстандық жауынгердің келбетін қалыптастыру мақсатында 2017 жылдың 17 сәуірінде №2 Успен ЖОББ мектебінің базасында әскери - қолданбалы спорт түрі бойынша «Жас ұлан» аудандық жарысы өткізілді. Жарысқа ауданның жеті мектебінен қатысушылар саны 56 адам қатысты.
«ХVII Сәтбаев оқулары»
2017 жылдың 12-13 сәуірінде С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінде жас ғалымдар, магистранттар, студенттер мен мектеп оқушыларының «ХVII Сәтбаев оқулары» атты халықаралық ғылыми конференциясы өтті. Успен ауданынан конференцияға №3 ЖОББМ-нің 9 сынып оқушылары Құсайын Арман және Садвокасов Назар қатысты. Қатысушылардың ғылыми жетекшісі Е.А. Сатыбалдинов болды.
Біздің спортшылардың жеңістері
2017 жылғы сәуірдің 14-16 аралығында Павлодар қаласында 26-шы облыстық жазғы спартакиадасының есебіне жазғы спорттық бағдарлау жарысы өтті.
Жарыс қорытындысы бойынша біздің команда келесі құрамда жалпы командалық үшінші орынды иеленді: Андрей Гелевер, Виктория Штрек (№2 Успен ОМ), Алиса Мазных, И.Добреско, Александр Королёв (№1 Успен ОМ), Назар Садвакасов (№3 Успен ОМ), команда жаттықтырушысы № 1 Успен ОМ дене шынықтыру мұғалімі - В.В. Демитриченко.
Семинар өтті
2017 жылдың 12 сәуірде №1Успен орта мектебінің базасында мектеп кітапханашылары үшін «ШЖМ жағдайындағы мектеп кітапханаларының проблемалық мәселелері» тақырыбы бойынша Павлодар облысының білім берудің дамытудың инновациялық орталығының әдіскері Кунязова Айсулу Социалқызы облыстық тәжірибелі семинар өткізді.
«Биіктерге бірге!» конкурсындағы жеңіс
Балалар мен жастар арасында салауатты өмір салтын насихаттау, көшбасшылық дағдыларды дамыту, сондай-ақ мектептердің жаңа стандарттар мен технологияларға сәйкес спорт құрал - жабдықтарын сапалы жаңарту мақсатында Павлодар облысы әкімдігінің қолдауымен «Самұрық-Қазына» АҚ компаниясы тобы және «Samruk-KazynaTrust» әлеуметтік жобаларды дамыту қоры орта білім беру ұйымдары арасында «Биіктерге бірге!» конкурсын өткізді.
«Үздік әдістемелік бірлестік -2017» конкурсы
Кәсіби шеберлікті арттыру, мұғалімдердің мектептік әдістемелік бірлестіктерінің әдістемелік әлеуетін бағалау, мұғалімдердің мектептік әдістемелік бірлестіктерінің жұмысын жандандыру мақсатында, білім берудің мазмұнын жаңарту жағдайында жыл сайынғы «Үздік әдістемелік бірлестік» конкурсы өткізілді.