2
3
4
5

Сайт бойынша іздеу


Сайт статистикасы

Бүгін11
Кеше44
Апта11
Ай1653
Барлық күндері106934

Қауырт желісі

liniya

 

 

 

Областной кризисный центр РК
г. Павлодар, ул. Ломова, д. 47/1
Тел.: 34-13-13
Телефон доверия: 88000803434
pvl.help-center@yandex.kz

 

100 logo kz

 

114

Аудандық «Жыл оқушысы - 2017» конкурсы

     2017 жылдың 6 сәуір күні №3 Успен ЖОББМ-ң аясында аудандық «Жыл оқушысы - 2017» конкурсы өткізілді.

   Конкурстың мақсаты: білім алушыларда танымдық белсенділік, көшбасшылық қабілеттерін және дарынды жан-жақты оқушыларды көтермелеу болып табылады. Конкурсқа ауданның 11 білім мекемесінен 3-4, 5-7, 8-10 сынып буындарынан 13 оқушы қатысты.

Толығырақ...

Успен ауданындағы көшпелі көшбасшылық мектебі

     Көктемгі демалыс аясында 2017 жылдың 30 наурызында № 2 Успен ЖОББМ базасында М.Қатаев атындағы облыстық оқушылар сарайының «Тиімді шығармашылық шеберханасы» балалар активінің көшпелі жұмысы өткізілді.

   Іс-шараға аудан мектептерінен 120 - дан аса оқушылар және педагогтар, аға вожатыйлар, мектеп омбудсмандары, психологтар, «Жас Ұлан» ББЖҰ мектептік ұйымдарының көшбасшылары қатысты.

Толығырақ...

5-7 сынып оқушылар арасындағы аудандық пән олимпиадасы

    №2 Успен жалпы орта білім беру мектебінің базасында 2017 жылдың 4 сәуірінде 5-7 сынып оқушылар арасында аудандық пән олимпиадасы өтті.

   Олимпиаданың негізгі мақсаты мен міндеті жалпы орта білім беру мекемесінде оқитын оқушылардың шығармашылық қабілетін айқындау және ғылыми іске қызығушылығын дамыту, дарынды балаларды қолдау үшін қажетті жағдайларды жасау, ғылыми ілімді насихаттау болып табылады.

Толығырақ...

Бір отбасы

   Өмірдегі ең бастысы- жанұя, бұл жақын және туысқан адамдар, олар бір-біріне көмектеседі және қолдайды, әрине бірге демалады және бірге еңбек етеді. Көктемгі демалыс күндері Успен ауданының «Балдырған» БЭО (балалар эстетикалық орталығында) 28 наурызда «Менің отбасым» атты таңымдық-ойын бағдарламасы өткізілді, оның мақсаты ұжымның (жанұя) ыңтымағы мен бірлігін , мықты деңсаулық және жақсы көңіл күйді жалпы нәтижедегі көрсеткіш.

   Бағдарламада аудан орталығы мектептерінің 26 оқушысы қатысты. Балалар «Семейка Крудс» және «Семья Шариковых» деген екі командаға бөлінді. Отбасы туралы мақал және мәтелдер, өлеңдер, әндер байқаулары және тапқырлық пен ептілік, шеберлік және өзара көмек көрсету эстафеталары өткізілді. «Семейка Крудс» командасы ең ыңтымақты, бірлескен болып табылды. Өздерінің бәсекелестерін барлық байқауларда жеңіл айналып жеңіспен шығып отырды. Бағдарламаға барлық қатысушылары тәтті сыйлықтарға ие болды.

«Үздік мектеп кітапханашысы» аудандық конкурсы

   2017 жылдың наурыз айында «Үздік мектеп кітапханашысы» аудандық конкурсы өтті.

   Конкурстың негізгі мақсаты орта білім беретін ұйымдар кітапханаларының қызметкерлерінің кәсіби-шығармашылық әлеуетін барынша жандандыруға күнделікті қызметте тиімді молынан пайдалануға бағытталған. Аудандық конкусқа №2 Успен ЖОББМ кітапханашы Сосновская Светлана Анатольевна, №1 Успен ЖОББМ Жумабаева Гульнара Иманбековна, Тимирязев ЖОББМ Эннс Снежана Александровна. «Үздік мектеп кітапханашысы» аудандық конкурсының қатысушылары тәжірибе шеберлікпен тапсырмаларын орындау, кәсіби шеберлік деңгейін танытып, алдын ала дайындаған шығармашылық материалдарды (үй жұмысы) көрсету қажет болған етін.

   Конкурс комиссия шешімі бойынша барлық қатысушылар алғыс хатпен марапатталды.

5-11 сыныптар арасындағы «Абай оқулары» конкурсы

    2017 жылғы 16 наурыз күні № 3 Успен ЖОББМ аясында білім бөлімімен 5-11 сынып оқушылары арасында «Абай оқулары» конкурсының аудандық кезеңі өткізілді.

   Конкурстың мақсаты: мектеп оқушылары арасында Абай шығармаларын насихаттау, оқушылардың шығармашылық қабілеттерін, эстетикалық талғамдарын дамыту болып табылады.

Толығырақ...