2
3
4
5

Сайт бойынша іздеу


Сайт статистикасы

Бүгін19
Кеше44
Апта19
Ай1661
Барлық күндері106942

Қауырт желісі

liniya

 

 

 

Областной кризисный центр РК
г. Павлодар, ул. Ломова, д. 47/1
Тел.: 34-13-13
Телефон доверия: 88000803434
pvl.help-center@yandex.kz

 

100 logo kz

 

114

Аудандық этноауылдар конкурсы

     Наурыз мейрамын тойлауға арналған «Ұлыстың ұлы күні» декадасының аясында Успен ауданынының білім бөлімі «Наурыз шақырады!» атты этноауылдар конкурсын жариялады.

   «Наурыз шақырады!» атты этноауылдар конкурсы этономәдени тәрбиелеу, таланттарды анықтау, шығармашылық қабілеттіліктерді дамыту, балаларда халықтың дәстүрлі өнеріне қызығушылығы мен сүіспеншігін қалыптастыру мақсатында өткізілді.

Толығырақ...

Аудандық тоғыз құмалақ жарысы

    2017 жылдың 14 наурызында № 3 Успен орта мектебінде мектеп оқушыларының 26-шы аудандық жазғы спартакиадасы есебіне тоғызқұмалақтан жарыс өтті. Жарысқа 50 оқушы қамтылуымен ауданның 10 мектебі шеберлігін көрсетті.

Толығырақ...

«Жұлдызды көктем»

     Наурыз мейрамын тойлауға арналған «Ұлыстың ұлы күні» декадасының аясында, 18 наурыз күні «Балдырған» балалар эстетикалық орталығының кешенінде «Жұлдызды көктем» балалар шығармашылығының аудандық конкурсы өтті.

   Конкурстың мақсаты – патриоттық рухында, Қазақстанның тарихын, дәстүрлері мен мәдениетін құрметтеуге оқушыларды тәрбиелеу, балалардың мектеп шығармашылығын дамыту және әйгілеу.

Толығырақ...

«Бірыңғай денсаулық күні» аудандық акциясы

   2017 жылдың 11 наурызы сағат 11.00 Успен ауданының білім мекемелерінде аудан прокуратурасы әзірлеген «Салауатты аймақ – қауіпсіз!» жобасының аясында және алкоголь өнімдерінің заңсыз айналымын жоюдың тиімді тетіктерін қалыптастыру, қылмыскерлік деңгейін азайту, жастар арасында алкогольді ішімдіктерді пайдалануды азайту үшін жағдай жасауға бағытталған «Бірыңғай денсаулық күні» аудандық акциясы өткізілген болатын.  

   

Толығырақ...

Наурыз мейрамы қарсаңындағы аудандық «Дәстүр шежіресі» атты қашықтық викторина

   2017 жылғы 15 наурыз күні білім беру мекемелерінің 5 – 8 сынып оқушылары арасында Наурыз мейрамы қарсаңында аудандық «Дәстүр шежіресі» атты қашықтық викторина өткізілді.

   Викторина жалпы 30 сұрақтан тұрды, оның ішінде 1 дұрыс жауапты талап ететін 20 сұрақ және жабық тест түріндегі 10 сұрақтан құралды. Барлық сұрақтар мемлекеттік және орыс тілінде болды. Бағалау арнайы 10 баллдық жүйе арқылы жасалды.

   Онлайн викторина қорытындысы бойынша жеңімпаздар анықталды:

I орын – №3 Успен ЖОББМ 7 сынып оқушысы Жұмадір Әйгерім;

ІI орын – Дмитриев НЖББМ 5 сынып оқушысы Дейч Регина;

ІІI орын – Вознесен ЖОББМ 7 сынып оқушылары Фишер Артем, Ярошенко Александр, Панфилова Елена.

   Успен ауданның білім беру бөлімі барлық жеңімпаздарды құттықтай отыра, қашықтық викторина қатысушыларына шығармашылық табыс тілейді.

Успен ауданында өткен «Анамның күлкісі» апталығы

    Успен ауданының білім беру мекемелерінде 28 ақпаннан бастап 7 наурыз аралығында 8 наурыз Халықаралық әйелдер күніне арналған «Анамның күлкісі» апталығы өткізілді.

   Апталық аясында келесі аудандық іс-шаралар: «Сенен қымбат жан жоқ» шығармалар конкурсы, «Стоп-кадр: Анамның күлкісі» фотоконкурсы, «Анаға сыйлық» жасанды бұйымдар көрмесі, «Ең спортшы отбасы» спорттық отбасылық эстафеталар ұйымдастырылды және өткізілді.

Толығырақ...