2
3
4
5

Сайт бойынша іздеу


Сайт статистикасы

Бүгін59
Кеше55
Апта218
Ай1407
Барлық күндері105151

Қауырт желісі

liniya

 

 

 

Областной кризисный центр РК
г. Павлодар, ул. Ломова, д. 47/1
Тел.: 34-13-13
Телефон доверия: 88000803434
pvl.help-center@yandex.kz

 

100 logo kz

 

114

Жаңа жылдық ертегі

    Жаңа жыл! Көптен күткен және қуанышты мереке, өзі сиқырлы және жұмбақ. Үлкендер мен балалар ғажайып, жарқын ертегі, жаңа жылдық бақыт күтеді.

   2018 жылдың 28 желтоқсанында Успен ауданының әкімі Бауыржан Қазбекұлы Қасеновтың атынан «Жаңа жылдық ертегі» атты жаңа жылдық шыршасы өтті.

   Әкім шыршасы жетім балаларға, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға, аз қамтылған және көп балалы отбасылардың балаларына ұйымдастырылды. Сонымен қатар мерекеге оқуда, спортта, шығармашылықта және қоғамдық өмірде жетістіктерге жеткен дарынды балалар қатысты. Салтанатты шараға 9-13 жас аралығындағы 100 бала қатысты.

Толығырақ...

8-11 сыныптар арасындағы пәндер олимпиадасының аудандық кезеңі

   2018 жылы 7 желтоқсан күні №2 Успен ЖОББМ-ң базасында 8-11 сыныптар арасында республикалық пәндер олимпиадасының аудандық кезеңі өтті. Олимпиада 2 тур бойынша өткізілді.

   2018-2019 оқу жылында олимпиадаға 18 мектептен 105 оқушы қатысты. Жеңімпаздар мен жүлдегерлер саны қатысушылардың жалпы санының 25% -ды құрайды.

   «Қазақ тілі және әдебиеті» пәні бойынша 3 орынға Қаратай ЖОББМ 9 сынып оқушысы Нурбаева Тұрғын ие болды.

  Мемлекеттік және орыс тілді мектептерден «Орыс тілі және әдебиеті» пәнінен 3 орынға Қаратай ЖОББМ 9 сынып оқушысы Ильяшева Аида, Лозовой ЖОББМ 11 сынып оқушысы Нурмухамбетов Тимерлан, №1 Успен ЖОББМ 11 сынып оқушысы Султангазинова Диана, 2 орынға №3 Успен ЖОББМ 9 сынып оқушысы Топтун Ангелина ие болды.

Толығырақ...

«Teacher office» форматындағы ұстаздар кабинеті ашылды

    2018 жылдың 13 желтоқсанында Успен ауданы №2 орта мектебінде «Teacher office» ашылды. Қазақстан Республикасы Тәуелсіздік күні қарсаңында ашылғаны, ұстаздар үшін үлкен сый болды.

   «Teacher office» кабинетінің салтанатты ашылу рәсімін аудан әкімі Бауыржан Қазыбекұлы және қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Меруерт Жұматайқызы жасады. Аудан әкімі ұстаздарды келе жатқан Тәуелсіздік мерекесімен құттықтай отырып, шығармашылық табыс тіледі.

   Кабинет компьютерлік техникалармен, замануи жиһаздармен жабдықталған. Жаңа форматтағы кабинет педагогтарға жұмыс жасау үшін қолайлы орын болмақ.

Толығырақ...

Мәнерлеп оқу конкурсы

   Успен ауылы «Балдырған» балалар эстетикалық орталығының базасында Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президент күні қарсаңында аудандық «Тұңғыш Елбасы» конкурсы 5-11 сынып оқушылары арасында өтті. Конкурсқа 14 мектептен 52 оқушы қатысты. Конкурс ережесіне сәйкес, қатысушылардың қазақ және орыс тілінде қатысуына мүмкіндік болды.

   Конкурс екі бағыт бойынша өтті:

   Бірінші бағыт – мәнерлеп оқу конкурсы (Тұңғыш Президент туралы өлеңдерді жатқа айту).

  Екінші бағыт – жас ақындар конкурсы (Тұңғыш Президентке арналған арнау, мадақ өлеңдер, шығармалар орындау). Конкурсқа қатысқан оқушылар Тұңғыш Елбасы Н. Назарбаевқа арналған мадақ өлеңдерін оқып, көрермендерге көтеріңкі көңіл сыйлады. Сондай-ақ, екінші бағыт бойынша жас ақыңдар Ұлт көшбасына арналған жүрек жарды өлеңдерін тарту етті.

Толығырақ...

Успен ауданының қазақ күресінен «Бала барысы - 2018» атты ашық турнирі

   ҚР Тәуелсіздік күні қарсаңында «Рухани жанғыру» бағдарламасы аясында 2018 жылғы 8 желтоқсанда Успен БЖСМ базасында Успен ауданының қазақ күресінен «Бала барысы - 2018» атты ашық турнирі өтті.

   Іс-шараның мақсаты ұлттық спорт түрлерін насихаттау және дамыту, патриоттық сананы тәрбиелеу, салауатты өмір салтын насихаттау болып табылады.

   Бұл іс-шара Қазақ күресі федерациясы мен Успен ауданының прокуратурасының қолдауымен өтті .Турнирге Успен, Павлодар, Шарбақты, Тереңкөл аудандарының командалары, жалпы саны 40 адам қатысты.

Толығырақ...

5-7 сыныптар арасында пәндер олимпиадасының аудандық кезеңі

   2018 жылы 28 қараша күні №1 Успен ЖОББМ-ң базасында 5-7 сыныптар арасында пәндер олимпиадасының аудандық кезеңі өтті.

   Осы оқу жылында олимпиадаға 18 мектептен 104 оқушы қатысты. Жеңімпаздар мен жүлдегерлер саны қатысушылардың жалпы санының 39 % -ын құрайды.

   Мемлекеттік тілдегі мектептерден «Қазақ тілі және әдебиеті» пәнінен 3 орынға №3 Успен ЖОББМ 6 сынып оқушысы Жандрахимова Ақниет және 7 сынып оқушысы Калыкова Дильназ ие болды.

   Орыс тілді мектептерден «Қазақ тілі» пәнінен 3 орынға №1 Успен ЖОББМ 6 сынып оқушысы Пудич Валерия және 7 сынып оқушысы Могильная Юлия ие болды, 2 орынға Белоусов ЖОББМ 5 сынып оқушысы Халютина Анастасия иеленді.

Толығырақ...