Кәсіби бағдар
2018 жылдың 2 қараша күні Успен ауылындағы №3 орта жалпы білім беру мектебінің базасында оқушылардың кәсіптік бейімделуі мен олардың кәсіби өзін-өзі анықтауын қолдау мақсатында, 9-11 сынып оқушылары үшін Павлодар мемлекеттік педагогикалық университетінің қызметі жөніндегі презентациясы ұйымдастырылды.
Кездесуді жұмыспен қамту және кәсіптік бағдар беру бөлімінің басшысы А. Е. Ауешов пен корпоративтік имиджді дамыту бөлімінің басшысы А. К. Абсаликов өткізді.
Оқушылардың назарына университеттің қызметі туралы презентациясы ұсынылды, әрі болашақ үміткерлердің назарына буклеттер түрінде ақпараттық материалдар берілді және ПМПУ-ға түсу шарттары түсіндірілді.