Семинар-кеңес
2018 жылғы 19 қараша күні "Балдырған" БЭО базасында Павлодар облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаментінің камералдық бақылау бөлімінің бас маманы Асхат Қайыркенұлы Жансейітовтың қатысуымен мектеп директорлары, мектеп директорларының тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары және мектеп бухгалтерлері үшін семинар-кеңесі өтті.
Семинар-кеңес барысында орта білім беру ұйымдарында білім алушыларды тамақтандыруды ұйымдастыру және мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдарында тәрбиеленетін және оқитын балаларды тамақтандыруды қамтамасыз етуге байланысты тауарларды сатып алу ережелері және Мемлекеттік сатып алу саласындағы ҚР заңнамасы туралы түсініктемелер берілді. Сонымен қатар, мемлекеттік қызмет көрсету саласында туындайтын сұрақтар мен мәселелер талқыланды. Барлық сұрақтарға түсініктеме берілді.