2
3
4
5

Сайт бойынша іздеу


Сайт статистикасы

Бүгін6
Кеше28
Апта246
Ай944
Барлық күндері124420

Қауырт желісі

liniya

 

 

 

Областной кризисный центр РК
г. Павлодар, ул. Ломова, д. 47/1
Тел.: 34-13-13
Телефон доверия: 88000803434
pvl.help-center@yandex.kz

 

100 logo kz

 

114

Аудандық семинар өтті

 

   Ағымдағы жылдың 8 қарашасында №3 Успен ЖОББМ базасында Успен ауданының білім беру бөлімі аудандық орталық ауруханамен, АІІБ жанындағы кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі инспекциямен және кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі аудандық комиссияның хатшысымен бірлесіп «Зорлық-зомбылықсыз балалық шақ» атты республикалық акциясының онкүндік іс-шарасын ашты.

   «Жыныстық тиіспеушілік. Кәмелетке толмағандардың жыныстық тәрбиесі» тақырыбы бойынша директордың тәрбие және оқу ісі жөніндегі орынбасарлары мен аудан мектептерінің психологтары үшін онкүндік аясында семинар өтті.

   Онда Успен АОА дәрігер-гинекологы А. В. Нұртазина сөз сөйледі. Ол ерте жыныстық жетілу және жасөспірім жастағы жыныстық мүшелерінің негізгі аурулары жөнінде айтты. Аудандық аурухананың психологы С. У. Наукенова зорлық-зомбылыққа ұшыраған балалардың психологиялық жағдайына және зорлық-зомбылықтан зардап шеккендерге алғашқы психологиялық көмек рөліне тоқталды. Кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі инспекторы Д. Қабдыкәрім қатысушыларды кәмелетке толмағандарға қатысты зорлық-зомбылықтың әртүрлі түрлерін жасағаны үшін Қылмыстық кодекстің баптарымен таныстырды. Сондай-ақ, кәмелетке толмағандар жасаған қылмыстарды жасырғаны үшін лауазымды адам жауапты және оның заңмен жазаланатынын ескертті. Успен ауданы әкімі аппаратының бас маманы Л. А. Зеленова кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі аудандық комиссияның жұмысымен және комиссияға тапсыратын құжаттарды дайындауда мектептердің маңызды рөлімен таныстырды. Семинарға 19 психолог, 38 аудан мектеп директорларының орынбасарлары қатысты.