«Teacher office» форматындағы ұстаздар кабинеті ашылды
2018 жылдың 13 желтоқсанында Успен ауданы №2 орта мектебінде «Teacher office» ашылды. Қазақстан Республикасы Тәуелсіздік күні қарсаңында ашылғаны, ұстаздар үшін үлкен сый болды.
«Teacher office» кабинетінің салтанатты ашылу рәсімін аудан әкімі Бауыржан Қазыбекұлы және қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Меруерт Жұматайқызы жасады. Аудан әкімі ұстаздарды келе жатқан Тәуелсіздік мерекесімен құттықтай отырып, шығармашылық табыс тіледі.
Кабинет компьютерлік техникалармен, замануи жиһаздармен жабдықталған. Жаңа форматтағы кабинет педагогтарға жұмыс жасау үшін қолайлы орын болмақ.