2
3
4
5

Сайт бойынша іздеу


Сайт статистикасы

Бүгін7
Кеше28
Апта247
Ай945
Барлық күндері124421

Қауырт желісі

liniya

 

 

 

Областной кризисный центр РК
г. Павлодар, ул. Ломова, д. 47/1
Тел.: 34-13-13
Телефон доверия: 88000803434
pvl.help-center@yandex.kz

 

100 logo kz

 

114

«Жасөспірім – Заң – Қауіпсіздік» акциясы аясындағы экскурсия

   

   Бақытты балалық шақ аясында» имидждік жобасын іске асыру шеңберінде 2018 жылдың 22 ақпанда «Жасөспірім – Заң – Қауіпсіздік» республикалық кең ауқымды акциясы аясында ауданның үш мектебінің жоғары сынып оқушыларына Успен ауданы ІІБ-нің базасында эксурсия өткізілді. Ауданның мектептерінен 87 оқушы қатысты. Кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі ІІБ инспекторы А.С. Аралбаев тыңдаушыларға кіріспе сөзін айтып, іс-шараның мақсатымен кездесу тәртібімен таныстырды. Жасөспірімдер полицияның барлық қызметтерін және олардың бағыттарымен міндеттерін білді. Жасөспірімдермен жасалатын ең көп тараған құқықбұзушылықтардың түрлері мен олар үшін жауапкершілікке тартылу шаралары туралы білді. Оқушыларға қазақстандық полицей қызметкері Газиз Байтасовтың Тараз қаласындағы террористі ұстау барысында қаһарлықпен қаза тапқаны және осы әрекеті үшін оған «Халық қаһарманы» атағы берілгені туралы айтты. Оқушыларға ауданның ІІБ құрылуы, әр түрлі жылдардағы полиция бөлімінің қызметкерлері, басшылары және ардагерлері туралы айтылды. Содан кейін оқушылар ІІБ кезекшілік бөліміне сапар кешіп оның жұмысымен танысты. Содан соң оқушылар уақытша ұстау изоляторына барды және де бұл жасөспірімдерде аса қатты қызығушылықты оятты. Бұл күні оқушылар полиция қызметкерлерінен құқық негіздері сұрақтары бойынша, тәртіп сақшыларының жұмысы және болашақ мамандықты таңдаудағы кеңестерді ала білді.

   «Ашық есіктер күні» жасөспірімдердің демократиялық мемлекетте заң жолымен жүретін азамат болуға, дұрыс таңдау жасауға және өзінің болашағы туралы ойлануға түрткі болды. Іс-шара мейірімді және ашық форма түрінде өтті.

 

1