2
3
4
5

Сайт бойынша іздеу


Сайт статистикасы

Бүгін6
Кеше28
Апта246
Ай944
Барлық күндері124420

Қауырт желісі

liniya

 

 

 

Областной кризисный центр РК
г. Павлодар, ул. Ломова, д. 47/1
Тел.: 34-13-13
Телефон доверия: 88000803434
pvl.help-center@yandex.kz

 

100 logo kz

 

114

Успен ауданының жалпы орта білім беру мектептерінде өткен Алғыс айту күні

   

   Алғыс айту күнін мерекелеу аясында Успен ауданының барлық 19 жалпы орта білім беру мектептерінде 2018 жылдың 1 наурызында аталған мерекеге арналған бірыңғай сынып сағаты және флэш-моб өткізілді.

   Сынып сағатының мақсаты оқушыларды кең пейілділік және мейірбан адам болуға, татулыққа ұмтылуға, бейбітшілік пен достық қасиеттерін, адами құндылықтарды бағалауға шақыру болып табылады. Іс-шара барысында мұғалімдер сабақ түрінде, ойын және танымдық әңгімелер формасында сынып сағаттарын өткізді. Балаларды осы мерекенің шығу тарихымен, Қазақстанда Алғыс айту күнін бекіту туралы Жарлыққа Нұрсұлтан Назарбаевтың қол қою жөнінде таныстырды. 1 наурыз күні Қазақстан халқы Ассамблеясы құрметіне орай таңдалған.

   Оқушылар Қазақстан халықтары Ассамблеясының құрылу мақсатын талқылады, патриотизм және татулыққа үндейтін аталған мемлекеттік мерекеге қатысты өз ой-пікірлерін ортаға салды.

   Сынып сағаттары флэш-мобпен аяқталды, оқушылар флэш-мобқа Қазақстан Республикасында тұратын халықтардың әсем безендірілген ұлттық нақыштағы киімдерімен қатысты.

   Шарлар, жалаушалар, қағаздан жасалған көгершіндер және ленталармен безендірілген іс-шара флэш-мобты түрлендіре түсті.

   Мереке соңында оқушылар естелік суреттер мен видеоға түсті.