«Қазақстанның болашағы – менің болашағым» аудандық эссе конкурсының қорытындысы
Білім бөлімі Қазақстан Республикасының бас қаласы – Астана қаласының 20 жылдығын мерекелеуге арналған іс-шаралар жоспарының 10 тармағын орындау мақсатында «Қазақстанның болашағы – менің болашағым» аудандық эссе конкурсы өтті. Ауданның 11 білім беру ошағынан 20 оқушы эссе конкурсына қатысуға өтініш берді.
Конкурстың мақсаты - аудан мектеп оқушыларының арасындағы талантты жастарды анықтап оларды марапаттау; шығармашылық жұмыстарын жұртшылыққа жариялап үлгі етіп көрсету.
Эссе конкурсы екі бағыт бойынша өтті. Бірінші бағыт берілген тақырып бойына эссе жазу, екінші бағыт ақындық номинациясы – қатысушылар өз өлеңін жолдайды. Конкурсқа қатысушылары шығармашылық жұмыстарын ережеге сәйкес, қазақ және орыс тілінде ұсына алады.
Эссе мазмұны келесі критерийлерімен бағаланды:
- тақырыптың маңыздылығы мен толығымен ашылуы;
- идея түпнұсқалығы, ойдың дербестігі;
- оқырманға эмоционалды әсері.
Қазақ тілінде эссе бағыты бойынша: ІІІ орын иегерлері - Топтун Ангелина, №3 Успен ЖОББМ 8 сынып және орыс сынытары арасынан Шаханова Аяжан, Равнопол НЖББМ 8 сынып; І орын иегері - Бахтыбекова Ұлжан, №3 Успен ЖОББМ 10 сынып. Ақындық номинация бағыты бойынша: І жүлделі орын Балтабай Махмут, Қаратай ЖОББМ 8 сынып.
Орыс тілінде эссе бағыты бойынша: ІІІ орын иегерлері – Мазных Алиса, №1 Успен ЖОББМ 9 сынып, Калыкова Альвина, №2 Успен ЖОББМ 11 сынып, Абраева Даяна, Ольгин ЖОББМ 8 сынып және қазақ сыныптары арасынан Топтун Ангелина; ІІ орын иегерлері – Лисицина Елена, №2 Успен ЖОББМ 8 сынып, Малая Лиана, Константинов ЖОББМ 9 сынып және қазақ сыныптары арасында Сейтказинова Адина, Павлов ЖОББМ 7 «а» сынып, Шоканова Дания 8сынып; І орын иегері – Сулеева Дана, Ольгин ЖОББМ 8 сынып. Ақындық номинация бағыты бойынша: «Жас қалам» номинациясы Павлов ЖОББМ 9 сынып оқушысы Молдабаева Каринаға берілді.
Конкурс жеңімпаздар мен қатысушыларға білім бөлімі тарапынан мадақтамалармен алғыс хаттар табысталды.