2
3
4
5

Сайт бойынша іздеу


Сайт статистикасы

Бүгін49
Кеше32
Апта205
Ай81
Барлық күндері107128

Қауырт желісі

liniya

 

 

 

Областной кризисный центр РК
г. Павлодар, ул. Ломова, д. 47/1
Тел.: 34-13-13
Телефон доверия: 88000803434
pvl.help-center@yandex.kz

 

100 logo kz

 

114

Оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту

   

   2018 жылдың 5 сәуірінде мектеп директорлары мен оқу ісінің орынбасарларына арналған «Ауылдық шағын жинақты мектептеріне инновациялық жүйені енгізу» тақырыбындағы семинар жұмысын №1 Успен жалпы орта білім беру мектебі жалғастырды.

   Семинардың негізгі тақырыбы: «Мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылығын дамыту арқылы қорытынды аттестацияға дайындау»

   Семинар барысында оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту жолдарын көрсеткен 10 ашық сабақ өткізілді. Мектеп директоры К.Ж.Жакуповамен директорларға арналған «Барлығы өз қолыңда» тақырыбындағы шеберлік сағаты ұйымдастырылды.

   Директор орынбасарларына жоғары санатты ұстаз, тренер И.И.Кошман «Функционалдық сауаттылық - сапалы оқыту жүйесінің негізі» тақырыбында коучинг жүргізді.

  Семинардың қатысушыларына мектеп мұғалімдері әзірлеген дидактикалық материалдар көрмесі, шығармашылық жұмыстар, робот құрылғыларының көрмесі ұйымдастырылды. Мектеп директоры К.Ж.Жакупова жұмыс қорытындысымен таныстырды. Семинар мектеп оқушылары мен ұстаздарының шығармашылық өнерін тамашалаумен аяқталды.

   Семинар соңында барлық қатысушыларына әдістемелік ұсыныстар беріліп, білім беру бөлімінің алғыс хаттарымен марапатталды.