2
3
4
5

Сайт бойынша іздеу


Сайт статистикасы

Бүгін30
Кеше63
Апта305
Ай181
Барлық күндері107228

Қауырт желісі

liniya

 

 

 

Областной кризисный центр РК
г. Павлодар, ул. Ломова, д. 47/1
Тел.: 34-13-13
Телефон доверия: 88000803434
pvl.help-center@yandex.kz

 

100 logo kz

 

114

«Успен ауданында қалуымның бес себебі» аудандық зерттеу шығармашылық жобалар конкурсы

   

   Ауданда «Рухани жаңғыру» бағдарламасының «Тәрбие және білім» кіші бағдарламасының «Өлкетану» базалық жобасы бойынша іс-шаралар жоспарына сәйкес, туған өлкеде қалудың бес себебі негізінде мектеп оқушылары арасында жобалар дайындалды.

   Ағымдағы жылдың 25 сәуірінде Успен ауылында «Балдырған» балалар эстетикалық орталығының базасында аудан мектептері арасында зерттеу шығармашылық жобалар конкурсы өтті.

   Конкурстың мақсаты - өз ауданының тарихына деген қызығушылықтарын арттыру, туған өлкесін сүюге дағдыландыру, қазақстандық патриотизмге қолдау көрсету.    8 мектептен конкурсқа қатысушылар тарапынан өтініш берілді. Іріктеу кезеңінен өткен 13 шығармашылық жоба қорғауға ұсынылды. Өз туған ауылында қалудың нақты 5 себебін шығармашылық зерттеу жобаларында оқушылар мен жетекшілері көрсете алды. Вознесен мектебінің 5 сынып оқушысы Пономаренко Виталина оротарлық шеберлігі шыңдалған, көпшілік алдында өзін еркін ұстауымен ерекшеленді. Жоба жұмысының соңында жүргізілетін жұмыстары айқындалған. Ауылды көркейту үшін ардагерлер паркін, машина жөндеу орындарын салуды жоспарлайды.Тимирязев мектебінің 8 сынып Саруджи Дарья өз зерттеу жобасында күнделікті тұрмысқа қажеттілігі бар ауылға нан пісіру орын сұранысқа ие екеніндігін ескере отырып, бұл бизнеске бастау болуды ұсынды. №1 Успен және №3 Успен мектептерінің оқушылары тарапынан ұсынылған жобалар аудандық орталығының келешекте гүлдену жолдары зерттеген. Зерттеу жобасына оқушыны үздік дайындағаны үшін мектеп мұражайының жетекшісі В. Мифахитинов аудандық білім бөлімінің мадақтамасымен марапатталды.

   Шығармашылық жобалар конкурсының тағы бір ерекшелігі аудандық мәслихат депутаттарының бағалауы екендігін атап өткен жөн. Үздік деп танылған Вознесен және Тимирязев мектеп оқушыларының шығармашылық бизнес жобасының келешекте қолданысқа еніп, ары қарай жандануына ұйытқы болатын өкілдері: С. Елгондинов, О.Устименко.

   Қамтылған оқушылар мен педагогтар саны – 104.