Аудандық «Зерде» зерттеушілік жұмыстар және ғылыми жобалар конкурсы
2018 жылдың 18 мамыр күні «Балдырған» БЭО базасында 1-7 сыныптар арасында «Зерде» зерттеушілік жұмыстар мен шығармашылық жобалар және 8-11 сыныптар арасында ғылыми жобалар конкурсы өткізілді. Конкурсқа ауданның 12 мектебінен 41 оқушы қатысты. Конкурс қорытындысы бойынша жүлдегерлермен жеңімпаздар анықталды.
1-4 сыныптар арасындағы жеңімпаздар мен жүлдегерлер:
І орын - №2 ЖОББМ 3 сынып оқушысы Горская Анастасия;
ІІ орын - Ковалев НЖББМ 4 сынып оқушысы Набиев Рамиль;
ІІІ орын – Қаратай ЖОББМ 3 сынып оқушысы Алибаев Асылхан, №3 Успен ЖОББМ 3 сынып оқушысы Ануарбекова Надия және 4 сынып оқушысы Закенов Ильяс, Павлов ЖОББМ 3 сынып оқушысы Крук Яна.
5-7 сыныптар арасындағы жеке есепте жеңімпаздар мен жүлдегерлер:
І орын – Таволжан ЖОББМ 7 сынып оқушысы Степина Анастасия;
ІІ орын - №1 Успен ЖОББМ 6 сынып оқушысы Кирьяченко Владислав;
ІІІ орын – Қозыкеткен ЖОББМ 6 сынып оқушысы Тойкенова Индира;
5-7 сыныптар арасында командалық есепте:
І орын – Таволжан ЖОББМ 5 сынып оқушылары Мереке Әдел және Мереке Әнел;
ІІ орын - Лозовой ЖОББМ 5,6 сынып оқушылары Серікқан Жұпар, Талап Ақжол және Жакажанова Аймира, Балданова Гульнара.
ІІІ орын - №1 Успен ЖОББМ 6 сынып оқушылары Пащенко Анастасия және Могильная Юлия.
8-11 сыныптар арасындағы жеңімпаздар мен жүлдегерлер:
І орын - №2 Успен ЖОББМ 8 сынып оқушысы Генрихс Денис;
ІІ орын - №3 Успен ЖОББМ 11 сынып оқушысы Смагулова Лаура; І
ІІ орын - №1 Успен ЖОББМ 9 сынып оқушысы Мазных Алиса.
Номинациялар: №3 Успен ЖОББМ 2 сынып оқушысы Таласпаев Алижан «Жас зерттеуші», Богатырь НЖББМ 7 сынып оқушысы Хафизова Юлия «Болашаққа үміт», №3 Успен ЖОББМ бастауыш сынып мұғалімі Ж.А. Шакирова «Ізденімпаз ұстаз», Таволжан ЖОББМ психологі А.М. Есалинова «Ең үздік ғылыми жетекші» номинациясына ие болды.
Жеңімпаздарымыз бен жүлдегерлерімізді құттықтаймыз.